Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Әр тарапта өріс алды

Ағымдағы аптада саудалардың көлемі өсуі валюталық түсімді конверсиялау жүзеге асуын айғақтауы әбден мүмкін. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) осы аптаның басында нарықтар мен биржаларға берген бағасында нарықтар әртарапта өріс алды, деп мәлімдеді.

Валюта нарығы

Өткен аптаның соңына USDKZT жұбы, мұнай бағасын белгілеудегі құбылмалылық пен ресейлік рубльдің әлсіреуіне қарамастан, біршама тұрақтылық танытты. Валюталық саудалардың қорытындысы бойынша жұма күні USDKZT жұбы, аптаның басындағы 387,48 теңге көрсеткішімен салыстырғанда, 386,82 теңге деңгейінде жабылды. Бұл ретте сауда төмен белсенділік жағдайында өрбіді – саудалардың жиынтық көлемі 95,9 млн долларды (-9,3 млн) құрады. Сонымен бірге ағымдағы аптадағы саудалар көлемінің өсу әлеуеті ірі экспорттаушылардың валюталық түсімді конверсиялауды жүзеге асыруымен айғақталуы мүмкін.
Осы дүйсенбінің таңғы сессиясында USDKZT жұбы (10:31 ALA) бір долларға 386,84 теңгеге саудаланды, бұл осының алдындағы сессия жабылуындағы орташа сараланған бағамнан екі тиын жоғары.

Ақша нарығы

Қазақстандық ақша нарығын-дағы мөлшерлемелер жұмада саудалардың төменірек көлемінде біршама төмендеуді көрсеткен.
Репо «овернайттың» орташа сараланған мөлшерлемесі 8,25% (-5 базалық пункт – б.п.) жылдық деңгейге дейін төмендеген, ал біркүндік валюталық своп мөлшерлемелері 8,12% жылдық (-5 б.п.) деңгейде тіркелген. Сонымен қатар саудалардың жиынтық көлемі, жылдың басынан бергі 283,8 млрд теңге орташа тәуліктік көрсеткіштермен салыстырғанда азырақ, 219,2 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ нарық тарапынан Ұлттық банктің апталық депозиттеріне біршама жоғары емес сұраныс сақталған. Мәселен, жұмада оларға сұраныс көлемі мен орналастыру, 9,07% жылдық орташа өлшемделген табыстылық жағдайында, 41,4 млрд теңгені құраған. Бұл ретте корреспонденттік шоттағы өтімділік көлемі (16.08.19ж. жағдайы бойынша) 339,6 млрд теңге (+8,1 млрд теңге) деңгейіне дейін өскен.

Репо «овернайттың» орташа сараланған мөлшерлемесі 8,25% (-5 базалық пункт – б.п.) жылдық деңгейге дейін төмендеген, ал біркүндік валюталық своп мөлшерлемелері 8,12% жылдық (-5 б.п.) деңгейде тіркелген. Сонымен қатар саудалардың жиынтық көлемі, жылдың басынан бергі 283,8 млрд теңге орташа тәуліктік көрсеткіштермен салыстырғанда азырақ, 219,2 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ нарық тарапынан Ұлттық банктің апталық депозиттеріне біршама жоғары емес сұраныс сақталған. Мәселен, жұмада оларға сұраныс көлемі мен орналастыру, 9,07% жылдық орташа өлшемделген табыстылық жағдайында, 41,4 млрд теңгені құраған. Бұл ретте корреспонденттік шоттағы өтімділік көлемі (16.08.19ж. жағдайы бойынша) 339,6 млрд теңге (+8,1 млрд теңге) деңгейіне дейін өскен.

Қор нарығы

Қазақстандық акциялар нарығы жұмада тағы да теріс аумақта жабылды. KASE индексі, сауда көлемі 3 854,5 млн тенге (-4,2%) жағдайында, 2 158,99 пунктке (-0,36%) дейін құлдыраған. Мына «көгілдір фишкалардың» бір пайыздан жоғары төмендеуі байқалды – KAZ Minerals PLC-дің (-2,7%) және «Халық Банк» АҚ-ның (-1,1%), бұл «Kcell» АҚ-ның акциялары аздап өсуімен (+1,3%) реттелді. Өткен оқиғалардан «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2019 жылдың бірінші жартыжылдықтағы қаржылық көрсеткіштерінің жариялануын атап айту керек, соған сәйкес, мұнай тасымалдау компаниясының таза пайдасы 30,7 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының көрсеткішінен 6,4% артық.

Әлемдік нарық

Өткен жұмада әлемдік нарық-тарда, ҚХР тарапынан экономиканы қосымша ынталандыру туралы ақпарат себеп болған, біршама оптимизм байқалды. Жұмада Қытай Даму және реформалар мемлекеттік комитеті, Вашингтонмен одан әрі жалғасқан сауда жанжалы салдарынан елдің экономикалық өсімі баяулауын болдырмау мақсатында, Пекиннің табыстардың өсуін ынталандыру бойынша жоспарды жүзеге асыратынын мәлімдеді. Бұл ретте осы жоспардың нақты бөлімдері ашып көрсетілмей отыр. Нарыққа АҚШ-та құрылыс жұмыстарына рұқсаттар беру бойынша күшті статистика да қолдау берді. Мәселен, АҚШ-тағы құрылысқа рұқсаттың саны бір ай ауқымында, жетіайлық максимумға жақындап, 8,4%-ға ұлғайған. Алайда, жаңадан салынған құрылыс нысаны санының 4%-ға қысқарғанын да атап өткен жөн. Әйтсе де, америкалық түйінді қор индекстері өткен жұмада 1,2-1,7%-ға өскен, осы дүйсенбіде азиялық биржаларда да оңды көңіл-күй басым болды.

Мұнай

ҚХР-дың экономикалық өсімді ынталандыру жоспарлары мұнайға болашақ сұранысқа қатысты болжамдарды да жақсартты. Өткен жұма қорытындылары бойынша Brent маркалы мұнайға фьючерстер бір баррельге 58,64 доллар деңгейінде жабылып, 0,70%-ға өскен. Бұл ретте, ұйымның ағымдағы жылы шикізатқа сұраныстың өсімін төмендеткен, ОПЕК-тің баяндамасы жариялануымен де белгіленімдер өсімі тежеліп отыр. Мәселен, 2019 жылы әлемде мұнайға сұраныс өсімінің болжамы – 1,1 млн баррельге дейін – тәулігіне 40 мың баррельге төмендеген. Сонымен бірге ОПЕК 2020 жылға болжамды тәулігіне 1,14 млн баррельге дейін ұстап отыр. Бұл ретте, баяндама мәліметтері белгілегендей, ұйым ОПЕК+ шарттарының талаптарын асыра орындау дәрежесін маусымдағы 29%-дан шілдеде 45%-ға дейін – тәулігіне 29,609 млн баррельге дейін ұлғайтқан.

Ресей рублі

Өткен апта жұмасының Мәскеу биржасындағы қорытындылары бойынша АҚШ долларының құны 0,70%-ға, бір долларға 66,51 рубльге шейін өскен. РФ ағымдағы шоты профицитінің маусымдық төмендеуі және шетелдік құнды қағаздар иелерінің бұрынырақ валюта түрінде алған дивиденттерін кері конверсиялау ресейлік валютаға қысым көрсетіп отыр, дейді сарапшылар. Осы ретте РФ 10-жылдық мемлекеттік облигацияларының табыстылығы жұмада 4 б.п. төмендеген, инвесторлардың рубльдік активтерге қызығушылығы сақталып отырғанын дәлелдей алады. Сондай-ақ 15 тамызда басталған тамыздық салық кезеңі де рубль тарапын нығайтуын жалғастыруда.

Аптаның түйінді  оқиғалары

Алдағы аптада Вашингтон мен Пекиннің сауда текетіресі инвесторлардың басым назарында қала бермек. Өткен демалыс күндері АҚШ президенті Дональд Трамп сауда келісімін жасауға дайын емес екендерін мәлімдеді. Сондай-ақ орталық банктер басшыларының Джексон-Хоул, Вайомингтегі (23.08) жыл сайынғы саммиті, Федералдық резерв және ЕОБ мәжілістерінің (21.08) хаттамалары, АҚШ-тағы жаңа құрылыстарды сату бойынша мәліметтер (23.08), сонымен қатар америкалық сауда жүйелерінің тоқсандық есеп-қисабы нарықтар назарын баса аударатын болады.

Қазақстандағы  оқиғалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық деңгейдегі бірқатар басшыларды тағайындаудың жаңа тәртібі туралы жарлыққа қол қойды. Moody’s: Қазақстан үкіметі ислам банктік активтерінің үлесін арттыруға ниет білдіруде. Қазақстан бизнесмендері неліктен қосымша 5-пайыздық жүктемеге қарсы? Қазақстанның ЕАЭК елдерімен тауар айналымының көлемі биыл бірінші жартыжылдықта 9,5 млрд долларды құраған.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру