Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Сыртқы сауданың жайы қандай?

Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан 28 млрд 580,5 млн АҚШ долларына ($) тауарлар сатқан. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіне қарағанда негізгі тауарларды экспортқа шығарудың 1,6%-ға азайғанын көрсетеді.

Экспорттан түсімдер төмендеуінің себебі, дәстүрлі басты экспорттық айқындамалар бойынша сатудың төмендеуінде жатқан сияқты. Алайда, шетелдік сатып алушылар бұрынғыдан да қызығушылық танытып отырған бірқатар тауарлар да бар.

Мырыш

Мырыш сату дәл қазір аса тиімді. Бұл бойынша жартыжылдықтың қорытындысы, жоқ дегенде – соңғы 8 жылдағы ең озық көрсеткіш. Құндық шамасы ($399,4 млн) тұрғысынан да, жалпы салмағы тұрғысынан да озған. Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша, шетелге сату бір жылда 85%-дан астамға артқан.
Өсімнің себебі – Қытай тарапынан сұраныстың артуында. Егер өткен жылдың қаңтар-маусымында Аспан асты еліне 34,2 мың тонна мырыш сатылса ($111,9 млн), бұл бір жылдан соң – 125,7 мың тн-ға ($305,4 млн) жеткен. Ресейге жеткізіп беру де – 2 тн-дан 26,5 мың тоннаға дейін әжептәуір өскен. Бұл ретте Қазақстан Түркия мен Вьетнамға металл сатуды тоқтатқан. 2018 жылдың қаңтар-маусымында бұл бағыттардан $68 млн-нан аса түскен екен (Таблица).

Жайпақ прокат

Жайпақ прокат экспорты қазір үшжылдық минимум деңгейінде. Бірінші жарты жылдықтағы сату сомасы $518,1 млн құраған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 35%-ға аз. Өткізілген өнімнің көлемі бір жарым есеге жуық қысқарған – 873,1 мың тонна. Соңғы рет 2013 жылы (833 тыс. тонна) ең аз көрсеткіш болған.
Мұның себебі ішкі өндірістің төмендеуінен. «АрселорМиттал Темиртау былтырғы апаттан енді-енді ес жия бастады және дағдарысқа дейінгі көлеміне де енді шықты.
Бұдан басқа, өткізу нарығы ретіндегі, Ресейдің рөлі де өсе түскен. Онда прокат экспортының 78,6% (бір жыл бұрын – 67,1%) жөнелтіледі. Әйтсе де, көршілердің өздері тарапынан сұраныс төмендеген. Сату ұлғайған жалғыз ел – Әзірбайжан, мұнда $13,4 млн-нан $13,6 млн-ға дейін өсіпті. Ал, дәстүрлі әріптестердің бірі – Иранға прокаттан Қазақстан мүлде бас тартқан.

Мазут

Қазақстанда мазут, бұдан бір жыл бұрынғыға қарағанда, көбірек өндіріледі. Әйтсе де, экспорт төмендеуде. Сату және жөнелту көрсеткіштері 22%-ға – 527,5 млн АҚШ долларына және 1,5 млн тоннаға дейін құлдыраған. Бұл ретте жеткізу бағыты да өзгерген. Өзбекстанға сату өсуде (0-ден 42,3 млн долларға дейін), Ресейге (0-ден до 14,7 млн долларға дейін) және Әзірбайжанға (6 млн-нан 22,2 млн долларға дейін). Мына елдерге сату құлдырауда – Қырғызстанға (57,3 млн-нан 16,6 млн долларға дейін), Грузияға (17 млн доллардан нөлге дейін) және Нидерландыға (531,9 млн-нан 388 млн долларға дейін).

Бидай мен меслин

Бидай экспорты қазір бесжылдық максимум деңгейінде. Шет елдерге сату көлемі бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша $532,9 млн құраған, бұл – 2018 жылдың қаңтар-маусымы көрсеткіштерінен 16%-ға артық. Осы ретте жөнелту тіпті аздап – 3 млн тн-дан 2,9 млн тоннаға дейін қысқарыпты.
Маңызды сәт: Қазақстан, алыс шет елдерге экспортты қысқартып, бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі елдерге көбірек сата бастаған. Мәселен, 2019 жылдың қаңтар-маусымы қорытындысы бойынша Өзбекстанға, Әзірбайжанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, Грузия мен Түрікпенстанға жиынтық сату 372,5 млн долларды құрапты. Бұл 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы мәнінен біржарым есе ($241,6 млн) артық. Басқа тұрғыдан қарағанда, Италияға, Түркияға, Қытайға, Ауғанстан мен Иранға экспорттау 171,5 млн-нан 110,6 млн долларға дейін төмендеген.

Шайырлы тау жыныстарынан алынған мұнай

Бұларды сату көлемі шикі мұнай көлемімен салыстыруға келмесе де, айтарлықтай ауқымды. Жарты жылда экспорт 570,2 млн АҚШ долларын құраған, ал сату көлемі 1,6 млн тоннадан асқан. Алайда, екі көрсеткіш те былтырғылардан 22%-ға аз.
Басты импорттаушы Нидерланды болып қалып отыр. Мұнда экспорттау 388 млн долларды (бір жыл бұрын – $531,9 млн) құраған. Бұдан басқа Өзбекстанға сату арта түсіпті. Егер 2018 жылдың қаңтар-маусымында іс жүзінде ымыра жасалмаса, ал қазір олардың көлемі 42 млн доллардан асқан. Әзірбайжанға сату да екі есе (22 млн долларға дейін) өскен. Басқа тұрғыдан, Қырғызстан шикізатты әлдеқайда азырақ сатып алса, ал Грузия мен Египет мұны мүлде доғарған. Нәтижесінде: бұл бағыттардағы экспорттау минус 62 млн доллар.

Бейорганикалық  химия өнімдері

«Бейорганикалық химия, бей-органикалық қосылыстар немесе органикалық асыл металдардың, сирек жер металдарының, радиоактивті элементтердің немесе изотоптардың қосылыстары» – экспорттаудан Қазақстанға 920 млн доллардан астам әкелген санаттың толық атауы осындай. Мұндағы сату, 8 жылдан бері жөнелту алғаш рет жарты миллион тоннадан да аз көлемді құрағанымен, 10,5%-ға өскен.
Бір жылда сатып алушы елдер саны 44-тен 33-ке дейін азайған. Көшбастаушы да ауысқан. 2018 жылдың бірінші жартысында Ресейге экспорт 319,1 млн долларды құраса, биыл – 245,8 млн доллар болыпты. Бұл Қытайға экспортерлер тізімін бастауға мүмкіндік берген. Аспан асты еліне жөнелту 7,5 есе өсіпті. Жалпы, сатулар үлкен қашықтықтарға жиірек орындала бастаған. Мәселен, АҚШ-қа, Канадаға және Францияға жиынтық экспорт бір жылда 116,6 млн доллардан 243,8 млн долларға дейін өскен).

Ферроқорытпалар

Қазақстанда қазір түсті металлургия қара металлургияға қарағанда өрлеу үстінде. Өндіріс көлемі артуда, сонымен бірге экспорт та ұлғаюда. Ферроқорытпаларды жөнелту көрсеткіштері алғашқы 6 айдың қорытындылары бойынша төртінші жыл қатарынан артып келеді. Бірақ әлемдік бағалардың төмендеуі, түсімнің құлдырауына әкеліп соғуда. Мәселен, үш жылдан бері алғаш рет 6 айдың қорытындысы бойынша экспорт 1 млрд долларды құрады.
2018 жылдың алғашқы жарты-жылдығымен салыстырғанда, Қазақстан Индияға жөнелтуді 5 есеге өсірген, нәтижесінде экспорт 11,2 долларға дейін артқан. Бұдан басқа, жаңа нарық – Индонезия – пайда болды, бұл тағы 23,9 млн доллар пайда. Бірақ бұл ірірек клиенттерге сату төмендеуінің шығындарын өтей алмайды. Жапония, АҚШ, Ресей мен Германияға экспорттың жиынтық көлемі 108 млн АҚШ долларына төмендеп, 6 айдың қорытындысы бойынша 405,1 млн долларды құраған.

Мыс

Мұндағы жағдай да ұқсас: 6 айдың қорытындысы бойынша экспорт бесінші жыл қатарынан өсуде. Бірақ мыс сатудың 2,2%-ға артуына қол жеткізу тек тиеп-жөнелтудің 14,2%-ға өсуі есебінен ғана мүмкін болған. Жарты жылда Қазақстан шет елдерге 225,2 мың тонна мыс сатқан, бұл – соңғы 8 жылдағы максимум. Мәмілелер көлемі 1,3 млрд АҚШ долларынан асқан.
Барлық сатылымдардың негізгі бөлігі (98%-ы) төрт елдің: Қытай, Түркия, БАӘ мен Ұлыбританияның еншісінде. 2018 жылмен салыстырғанда үлестер біршама өзгеріске ұшыраған. Қытай мен Түркияның экспорты 48,8 млн долларға және 80,2 млн долларға тиісінше өскен, ал Ұлыбританияға сату 2,5 есе құлдыраған. Яғни 198,1 млн-нан 80,4 млн долларға дейін төмендеген.

Табиғи газ

Экспорттық газдың физикалық көлемі төртінші жыл қатарынан өсуде. Оған қоса, алты жылда алғаш рет қаңтар-маусымда сату көлемі, оның үстіне айтарлықтай қормен ұлғайып, 1 млрд АҚШ долларынан асып түскен. Жалпы алғанда, бір жылда шет елдерге газ сату 44,5%-ға артқан.
Бәрінен бұрын бұл Қытайға сатудың өсуімен байланысты: 359,5 млн доллардан 828,9 млн долларға дейін. Украина мен Ресейге экспорт ұлғайған, Польшаға сату басталған – жиынтық көлемінде бұл тағы 64,5 млн доллар беріп отыр. Шығын кешуге де тура келген. Швейцарияға сату 145,7 млн доллардан 88,4 млн долларға дейін, Өзбекстанға – 71,3 млн доллардан 15,2 млн долларға дейін төмендеп кеткен.

Мұнай

Шикі мұнай – Қазақстанның басты экспорттық тауары және солай болып қала да береді. 6 айда оны сату көлемі 16,5 млрд АҚШ долларынан сәл аз соманы құраған. Пайдаға қол жеткізілмеуі жөндеу жұмыстарына байланысты қазақстандық кен орындарынан өндірудің төмендеп кетуі салдарынан болып отыр. Сондықтан да Қазақстанның жалпы экспортындағы мұнай үлесі 57,7%-ға дейін төмендеген.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру