Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Балалардың мүддесін қорғау кеңінен талқыланды

Елордада «Жәрдемақы +» атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша талқылау өтті.

Бірқатар министрліктердің, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары, сондай-ақ елорда әкімдіктерінің өкілдері «Жәрдемақы+» атаулы әлеуметтік көмектің біріктірілген үлгісін іске асыру жайлы талқылады. Семинар Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен ұйымдастырылды.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Вероника Ващенко өз сөзінде елдегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда ЮНИСЕФ белсенді ат салысып жатқандығын атап өтті. «ЮНИСЕФ күнкөрісі төмен азаматтар мен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті күшейтуге бағытталғанҚазақстан Үкіметінің биылғы бастамасын қолдайды», – деді Вероника Ващенко.
2019 жылдың 27 ақпанында Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2016 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп әзірлеген ЮНИСЕФ-тің ұсыныстары ескерілген жаңа әлеуметтік көмек бағдарламасын қабылдағандығы жайлы жариялады.
Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламаларын жетілдіру міндеттерін тиімді орындау үшінҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, «Жәрдемақы+қызметтер» атаулы әлеуметтік көмек бағдарламаларын ұсынудың біріктірілген үлгісін енгізудің пилоттық жобасын бас-тады.
«Жәрдемақы + қызметтер» үлгісінің маңыздылығы – қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1,5 миллион ішіндегі 60 пайызын құрайтын балалардың мүддесін бірінші орынға қоюда.
Бұл жобаны іске асыру күнкөрісі төмен балалары бар отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің жаңа және халықаралық тәжірибеде жақсы көрсеткіштері бар тиімді механизмдерін сынап көруге мүмкіндік береді.
Семинар барысында дайындық жұмыстарының нәтижелері ұсынылды, оның аясында министрлік пен ЮНИСЕФ сарапшыларының нормативті-әдістемелік құжаттарды жинау үшін ел аймақтарына бірлескен жұмыс сапарлары, сондай-ақ жергілікті мамандардың Қазақстандағы атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі дамыту туралы пікірлері айтылды.
Халықаралық сарапшы Мартин Эванс «Жәрдемақы + қызметтер» тәсілін жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибеге шолу жасады. ЮНИСЕФ-тің ұлттық консультанттары пилоттық жобаның дизайны бойынша бастапқы ұсыныстарын көрсетті.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру