Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Қазақ-Ауған байланысы беки түспек

Алматыдағы «Intercontinental» қонақүйінде АҚШ-тың Халықаралық Даму Агенттігінің  (USAID) ұйымдастыруымен Ауғанстанның: тау-кен, мұнай өндірісіндегі сондай-ақ, бағалы тастар мен зергерлік бұйым жасау, мақта-мата өнімдері, кептірілген жеміс-жидектер, жаңғақтар мен тұздықтар өндірудегі жаңашылдықтарымен таныстыруға арналған «Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары» атты іс-шарасы өтті.  Үш күнге созылған созылған шара аясында ауған компаниялары әртүрлі салада өндірілген өнімдерді көрермендерге ұсынды. Сонымен қатар жәрмеңке аясында қазақстандық әріптестермен байланыс орнатылып, тәжірибе алмасылды.

Дегенмен де қос мемлекеттің сауда байланысы бірнеше миллион долларды құрағанымен, бұл жерде ауған тауарларының үлесі өте аз мөлшерді құрайды. Сондықтан ел билігі ел билігі қазақ жеріне көптеген бағалы заттардың көптеп келу жолдарын қарастыруда. Бұл жөнінде ҚР-дағы Ауғанстан Ислам Республикасының елшісі Мохаммад Фархад Азими тілге тиек еткен болатын. «Былтыр Қазақстан мен Ауғанстан мемлекеттері арасында тауар айналымы 795 миллион долларды құрады. Соның ішінде біз 4 миллион доллар тауарды сатамыз. Саудада тепе-теңдік қажет, сондықтан Ауғанстаннан Қазақстанға таситын заттарды көбейтуіміз қажет»,-деді B2B форматында өткен кездесуде М.Азими.  Оның сөзінше, ауған тауарларының ішінде жеміс-жидектер, ақ мәрмәр мен бағалы тастарды сату күн тәртібінде тұр. ҚР билігі мен USAID ұйымдастыруының арқасында қос елдің байланысы беки түсетіндігіне және ауған кәсіпкерлерінің саудасы артатынына сенімді екендігін атап өтті. Ауғанстан Қазақстанның солтүстік өңірінен ұн мен нан өнімдерін сатып алуға дайын.

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов соңғы жылдары Қазақстан мен Ауғанстан байланысы оң нәтижесін көрсетіп келе жатқандығын атады. Қазақстан үкіметі Орталық Азиядағы қауіпсіздікке және интегарциялық үдерістің белсенді дамуына көп көңіл бөліп келеді. «Осы тұрғыдан Ауғанстанның тұрақты экономикалық өсімі Орталық Азия мемлекеттеріне қажеттілігін туындатып отыр. Қазақстан Ауғанстанның ішкі және сыртқы байланыстың тұрақты дамуына мән беріп, сондықтан соңғы жылдары бұл елге гуманитарлық 70 миллион доллар бөлген. Соның ішінде Ауғанстан жастарының Қазақстанның Жоғары оқу орындарында оқып білім алуына, азық-түлікті жеткізіп беру, Ауғанстанда инфраструктуралық құрылыс жабдықтарымен қамтамасыз ету де бар.

Қазақстанның Ауғанстанға жіберіп жатқан экспорты 4 деңгейлі тауарға бөлінеді. Алайда алдағы уақытта оның тізімін 24-ке көбейту бар екендігін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев биылғы жылдың наурызында үкіметтік сағатта атап өткен болатын.

Алматыдағы бизнес-форум мен тауар жәрмеңкесінде Ауғанстанның беделді 70-тен астам компаниялары өз өнімдерін көрсетті. Мәселен, соның ішінде «Faisal Fahim Company» сол елдің жеміс-жидектер экспорттайтын ірі компаниясының бірі болып саналады.  Ауылшаруашылық өнімдерін сататын компанияның болашағы жарқын.

«Afghanistan Rug and Carpet Center» сапалы кілемдерді көптеп өндіреді. Австарлия, Бельгия, Ұлыбритания сынды дамыған батыс мемлекеттеріне тауарларын экспорттайды

«Iqbal Sapand Gems & Jewelry» атты бағалы тастарды өңдейді. Сонымен қатар зергерлік бұйымдарды өндіріп, алтын мен платинаны, декортаивті қолданбалы жұмыстардың дамуына да өз үлесін қосып келеді. Компанияның өндірілген тауарларының, соның ішінде 80 пайызын АҚШ, БАӘ, Қытай, Үндістан, Тайланд мемлекеттеріне экспорттайды.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде де өз жалғасын тапты. Ауғанстан Ислам Республикасының Бас Консулдығы және USAID, Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда Атташесі, Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда және индустрия министрлігінің қолдауымен және Іскер әйелдер Ассоциациясымен (AICI) бірлесіп алғаш рет халықаралық «Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары»  атты көрме-жәрмеңкесі өтті.

Көрмеде сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілер ауған халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрпын сипаттайтын қол жұмыс тауарларын көрсетті: киім, мата, сәндік кестеленген аяқ киім, зергерлік бұйымдар, ақ мәрмәрден жасалған бұйымдар (тостағандар, тіреуіштер, плиталар, балясиндер, шағын колонналар), лазурит (құмыралар, тағамдар), кілемдер, шафран, кептірілген жемістер, дәмдеуіштер және т. б. қойылды.

Көрмені ҚР МОМ директорының орынбасары Ғалия Теміртон ашты. Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі, Ауғанстан істері жөніндегі әкімшінің орынбасарының міндетін атқарушы, Ауғанстан және Пәкістан істері жөніндегі USAID басқармасы құттықтау сөз сөйледі, олар екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту бойынша ынтымақтастықты жемісті дамытуға ықпал ететін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

 2002 жылдан бері АҚШ-тың Халықаралық Даму Агенттігі  (USAID) Ауғанстанның экономикасының дамуына 19 миллиард доллар қаржы бөлген. Бұл бағдарлама өз жемісін беріп келеді. USAID Ауғанстанның демократиялық қалыптасуына өз үлесін қосып келеді. Сондай-ақ медициналық білім қызметінің Ауғанстанда жақсаруы да бағдарламаның күн тәртібінде тұр.

Нұрлан ҚҰМАР

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру