Валюта бағамы: $ 384.97 427.12 6.04 ¥ 54.75

Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Отырар қорғанысының 800 жылдығына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» (Отырар қорғанысына 800 жыл) тақырыбында «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК қор материалдары негізінде ұйымдастырылған көрме ашылды.

Көрменің ашылуында ҚР Мемлекеттік орталық музей директорының орынбасары Ғалия Теміртон, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің бас қорсақтаушы маманы Ералы Шохай, А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының докторанты Б.А. Железняков, ҚР МОМ археология бөлімінің жетекшісі Хамит Айтқұл сөз сөйледі.
Төрт бөлімнен тұратын көрменің алғашқы бөлімін музей қорындағы археологиялық материалдардың ерте орта-ғасырлық үлгілері ІІІ-VIII ғғ. тән түпнұсқа жәдігерлер мен деректік материалдар құрайды. ІІ бөлімде Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қала мәдениетінің дәуірлеген кезіндегі Отырар, яғни ІХ-ХІІ ғасырларда Отырардың тыныс-тіршілігін баяндайтын еңбектер қорытындылары мен сол кезеңдерден жеткен археологиялық материалдар. ІІІ бөлімде ХІІІ ғасырдағы Отырардағы дүрбелең, моңғол шапқыншылығы кезіндегі Отырардың тіршілігі және осы кезеңдерге тән жәдігерлер, ІV бөлімде Отырардың қайта бой көтеруі. Билеуші Әмір Темір дәуірінен бастап Қазақ хандығы тұсындағы Отырардың даму кезеңдерінен хабар беретін бірегей, түпнұсқа заттар мен деректер қамтылды. Көрменің мақсаты келушілерді Отырардың көне тарихымен таныстыру болып табылады.
Тарихтың, халықтың өсу жолымен ұштасып, жалғасып жатқан Отырардағы археологиялық қазба, зерттеулер нәтижесінде табылған, тарихи мұраларымыз осындағы ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және археологиялық ескерткіштерді қорғау мекеме-сі «Отырар мемлекеттік архео-логиялық қорық-музейі» РМҚК қорында жинақталған.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру