Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Ақшаны қалай пайдалырақ сақтаймыз?

Қыркүйектен бастап елімізде депозит мөлшерлемесі «құбылмалы» болады. Соған сәйкес Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелей салым бойынша максималды ұсынылған мөлшерлемелерді есептеу әдістемесі өзгереді. Сонымен бірге 1 қыркүйектен депозиттер бойынша сыйақы да өзгертіледі. Ең көп пайыздарды – ақшасын алмағандар да емес, жинақ шотын толтырғандар да емес – оған тиіспегендер иеленетін болады.

Табыстың көбі қайсысында?

Ең табыстысы жинақ ақша салымдары болып қалады. Мұның ерекшелігі – ақшаны депозиттен оның сақталуы кезінде алу айтарлықтай қиындау болады (және де мейлінше тиімсіз). Бірінші кезекте бұл – жайсыз зардаптардың ықтимал дүрбелеңдерінен банктерді сақтандыру. Сосын банктер өз тыныш-тығы үшін көтеріңкі пайыздар төлеуге даяр.
1 қыркүйектен бастап жинақ ақшалай салымдар бойынша сыйақы 0,4-1,3% өседі.
Егер салымшы шотын толтыру мүмкіндігіне ие болғысы келсе (бірақ одан ақша алмауы керек), онда ең дұрысы – 6 айлық депозит. Мұндағы сыйақының максималды мөлшерлемесі 12-ден 13,3%-ға дейін көтеріледі.
Егер депозиттің толтырылуы көзделмесе, онда 24 айға салымды таңдаған абзал. 1 қыркүйектен бастап мұндағы максималды пайыз 13,5%-дан 14,2%-ға дейін артпақ.
Бұдан басқа мына жайттарды да ескерген маңызды:
•3 немесе 6 айға жинақ ақша салымдарын ашқан кезде толықтыру мүмкіндігінің бар немесе жоғы маңызды емес. Максималды пайыздар бірдей (тиісінше 12,4% және 13,3%).
•Ұзағырақ мерзімге салымдар сақтағанда депозиттерді толықтырудан бас тартқан әлдеқайда тиімді.
•Толықтыруға болатын екі жылдық депозиттерге қарағанда, толықтыруға мүмкіндігі жоқ үш айлық салымдар бойынша пайыздар жоғарырақ (1-таблица).


Айта кету керек, жинақ ақша салымдары ең табысты болғанымен, олардың мәлімділігі туралы мұны айта алмаймыз. Депозит нарығындағы олардың үлесі бар-жоғы 3% ғана. Бұл жерде мәселе бұл өнімнің салыстырмалы түрдегі жаңашылдығында.
«Жинақ ақша салымдары тұрақты 5-еселік өсімді (жыл басынан бері +436%) ғана көрсетіп отырған жоқ, теңгелей салымдар өсімінің басты драйвері болып та танылуда. Мерзімсіз және мерзімді салымдардың көлемі жалпы алғанда 95 млрд теңгеге қысқарып кеткен кезде, жинақ ақша салымдары 116 миллиард теңге өсімді көрсетті», – деп айтады ҚДКБҚ-дағылар.

Форс-мажорлы жағдайларда ақшаны қайда сақтаған дұрыс?

Қазір қазақстандықтардың көпші-лігінің депозиттері мерзімді емес салымдарда сақталған. Мәселен, ҚДКБҚ мәліметтері бойынша, депозиттегі әр 10 теңгенің 6-уы солардың еншісінде екен. Мұндай депозиттер оларды қалаған кезде пайдалана алатын салымшыларға ыңғайлы.
Банктер мұндай тұрлаусыздықты жақтырмайды. Нәтижесінде, мерзімді депозиттер бойынша сыйақылардың максималды мөлшерлемесі қайтадан төмендеуде.
1 қыркүйектен бұл 9,8%-дан 9,5%-ға дейін шегеріледі.
Баламасы – мерзімді салымдар. Бұлар табыстылық пен еркіндік арасындағы теңгерім сияқты шара болып табылады (2-таблица).


Мерзімді салымды ашқан кезде мынаны есте сақтау қажет:
•Ең қарапайым жинақ ақша депозиттеріне қарағанда, тіпті ең табысты мерзімді салым бойынша максималды рұқсат етілген мөлшерлемелер бәрібір аз.
•Мерзімді салымдардың барлық түрлері бойынша да максималды пайыздар қыркүйекте құлдырайды. Ерекшелігі: 12 және 24 айға толықтырылатын депозиттер. Оның үстіне екі жылға қарағанда, бір жылға салым ашу пайдалырақ: 10,8%-ға қарағанда 11,3%.
•Қыркүйекте толтыруға болмайтын екіжылдық мерзімді салым ең тиімді депозит болмақ – ол бойынша сыйақы 11,9%-ға дейін жетпек.
•Толтыруға болмайтын 6 айлық депозиттер – жаңа салымдар бойынша – пайыздары барлығынан көп төмендейтіндері болмақ. Қазір олар бойынша максималды ұсынылған мөлшерлеме 11,8% болса, қыркүйектен – 10,3% болады.

Жоспарлау мүмкіндіктері

Дегенмен, қыркүйекте өзекті мәселе, қазан айында маңызды болмай қалуы мүмкін. Егер ҚДКБҚ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемені тоқсанына бір рет қарастырса, енді мұны ай сайын жүзеге асырмақ. Оның үстіне есептеулердің «тиімділігіне, шапшаңдығы мен тәуелсіздігіне» мүмкіндік беретін жаңа әдістемелер бойынша орындалады.
Теория жүзінде бұл әдіс салымдар бойынша пайыздардың қалай өзгеретінін шамамен түсінуге мүмкін-дік бермек.
Базалық мөлшерлеме және бір айда берілген кредиттер бойынша орташа өлшемделген мөлшерлемелер сыйақылары негізге алынады. Бірінші параметр мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемелерді құру кезінде есепке алынады. Егер базалық мөлшерлеме өссе, онда автоматты түрде келесі айдан бастап мұндай салымдар бойынша максималды пайыздар өсіміне ұласады.
Қазір базалық мөлшерлеме 9% құрайды, ал Ұлттық банк келесі шешімін 9 қыркүйекте қабылдайды – оның артатыны болжанып отыр.
Айта кеу қажет, көлемін ҚДКБҚ айқындайтын, көрсеткішке спред (қазір – 0,5%) қосылады.
Орташа өлшемделген мөлшерлеме таза түрінде енді 12 және 24 айға мерзімді және жинақ ақша салымдары бойынша максималды пайыздар есептемелеріне қатысты қолданылады. Сондай-ақ бұған Қор бекіткен әлдеқан-дай спред те қосылады.

Бұл қалай жұмыс істемек?

Мұның былайша жүзеге асуы мүмкін: банктер депозиттер бойынша қазір неғұрлым көп пайыздар ұсынса, бұдан әрі де оларға солғұрлым көбірек ұсына алады. Әйтсе де шұғыл өсім бола қоймайды: спред салымшылардың «ұзын» ақшалар күйіндегі жүйесінің қажеттіліктеріне қатысты пайыздарды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Басқа барлық жағдайларда да салымдар бойынша максималды рұқсат етілген пайыздар – база-лық мөлшерлемелер мен орташа өлшемделген көрсеткішке спредті қосындылау есебінен – құралатын болады.
Бұған қоса, депозиттер бойынша максималды ұсынылған мөлшерлемелерді арттыру туралы ҚДКБҚ-ның шешімі банктердің мұндай қадамға нақты түрде баратынын аңғартпайтынын естен шығармау қажет. Оның үстіне бұл ЕДБ-тер өз өнімдерін ұсыну жағдайларын ай сайын өзгертеді дегенді де аңғартпаса керек. Сондықтан көп нәрсе тек Қорға ғана емес, сондай-ақ тікелей банктердің де саясаты мен икемділігіне қатысты болмақ.
Дегенмен, мынаны түсінген маңызды: тіпті теңгелей депозиттер бойынша ең төменгі пайыздар да нақты табысқа әкелмейді.
Жаңа әдістемеге сәйкес, салымдар бойынша сыйақылар мөлшерлемесі базалық мөлшерлемеден («қосымша табыстылық» ретінде белгіленген спред теріс болмаған жағдайында) еш төмен бола алмайды. Ал базалық мөлшерлеме, өз кезегінде, қазір инфляциядан әлдеқайда жоғары. Яғни бұл – мерзімсіз депозиттердің өзі тек номиналды түрде ғана емес, нақты табысқа жеткізеді деген сөз.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру