Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Бәсекеге қабілеттіміз, еркіндік жетіспейді

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) Әлемдегі бәсекеге қабілеттілікті зерттеу жөніндегі орталығының 2019 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 34-ші орынды иеленіпті. Посткеңестік елдердің кеңістігінде Қазақстан 45-орында қалып қойған Ресейді және 54-орындағы Украинаны әжептәуір басып озған.

Бәсекелестіктің биік тізімін үшінші орыннан көтерілген Сингапур бастап тұр, ал Венесуэла соңғы орында қалып қойыпты. Сондай-ақ ағымдағы жылы Гонконг, АҚШ, Швейцария мен БАӘ неғұрлым үлгілі бәсекеге қабілетті елдер қатарында есептелген.
Ұлттық экономика министр-лігінің Халықаралық менеджментті дамыту институтына сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан «экономикалық қызмет», «үкіметтің тиімділігі», «инфрақұрылым» факторын есептемегендегі «экономикалық тиімділік» сияқты категориядағы өз тұғырларын жақсартқан.
Халықаралық институт зерттеуге тартқан респонденттердің пікірінше, Қазақстан экономика-сындағы неғұрлым тартымды бес факторға мыналар жатады: қолайлы бизнес-орта – бұл туралы респонденттердің 61,4%-ы айтқан, саяси тұрақтылық және оның болжамдылығы – 54,3%, қаржылық қорларға қолжетімділік – 45,7%, экономиканың қарқындылығы – 42,9% және тиімді салық салу жүйесі – 38,6%.
Егер бұдан бұрынғы «экономи-калық қызмет» санатындағы рейтингте Қазақстан 49-шы орында болса, биылғы жылы өз тұғырын 4 орынға – 45-ші тұғырға жақсартқан. Бұл жақсару екі қосалқы фактор бойынша тұғырдың көтерілуімен түсіндіріледі: «жұмыспен қамтылу» – 23-орын, мұнда 3 пунктке көтерілген және «бағалар» – 35-орын немесе плюс 13 пунктке. Шынын айтқанда, тұғырлардың нашарлауы мынадай қосалқы факторлар бойынша байқалады: «ішкі экономика»а – 48-орын немесе минус 2 пункт және «сыртқы инвестициялар» – 39-орын, бұл жерде 11 пунктке төмендеу орын алған. «Халықаралық сауда» субфакторы бойынша тұғыр былтырғы жылмен салыстырғанда өзермей, сол 56-орында қалған.
«Үкімет тиімділігі» санатында Қазақстан 4 пунктке ілгерілеп, 21-ші орын алған. Жақсару екі субфактор бойынша жүзеге асқан: «институционалдық ортада» – 8 пунктке көтерілу арқасында 42-орын және 3 пуктке жақсару арқылы – «бизнес туралы заңдылықта» 25-ші орын. Сонымен қатар мынадай субфакторлар бойынша төмендеу байқалған: «мемлекеттік қаржы» – 22-ші орын, «салықтық саясат» – 15-орын және «қоғамдық құрылым» – 29-шы орын (минус 1 пункт).
Еліміз «бизнес тиіміділігі» санатында 5 пунктке көтеріліп, 29-орынды иеленген. Жақсару барлық субфакторлар бойынша тұғырлардың өрлеуімен түсіндіріледі.

Мәселен, «өнімділік пен тиімділік» санаты 6 пунктке көтеріліп, 36-шы орынды иеленген, «еңбек нарығы» 2 пунктке өсіп, 11-орынға жеткен, «қаржы» санатында еліміз 41-орын алса, ал «менеджмент практикасында» 10 пунктке жақсарып, 19-орынға көтерілген. Сонымен қатар «қарым-қатынастар мен құндылықтар» санатында 9 пунктке тиімділік танытып, 24-орынды иеленген.
Шындығында, «инфрақұрылым» санатында бір пунктке тұғыр нашарлап – 42-ден 43-ке дейін сыр-ғыған. Барлық субфакторлардағы нашарлауға қарамастан, «білім беру» көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады – 26-шы орын немесе плюс 3 пункт. «Ғылыми инфрақұрылым» бойынша тұғырлардың төмендеуі байқалады – 53-ші орын немесе 6 көрсеткішке шегерілген, «базалық инфрақұрылым» – 25-ші орын, технологиялық инфрақұрылым» – 51-орын және «денсаулық сақтау мен қоршаған ортада» – 57-ші орын.
Менеджментті дамыту инсти-тутының (IMD) – 2019 жылғы эконо-микалық қызмет, үкіметттің тиімділігі, бизнес пен инфрақұрылым тиімділігі сияқты факторлар бағаланатын – рейтингіне әлемнің 63 елі қатысқан.

Экономикалық еркіндік: төмендеп барамыз

Қазақстан бір жылда, 59-орынды иеленіп, экономикалық еркіндік рейтингінде бірден 18 тұғырынан айырылыпты. Ranking.kz компаниясы, америкалық «Мұра қоры» (The Heritage Foundation) зерттеу орталығына сілтемемен, Қазақстан Республикасы рейтингтің 12 бағалау көрсеткіштерінен бар-жоғы 4-еуін ғана жақсарта алғанын хабарлайды.
Жалпы бағалау 69,1-ден 65,4-ке дейін 3,7 баллға төмендеген. Словения 65,5 баллмен бізден бір саты жоғары, біздегідей 65,4 баллмен бір саты төмен – Әзірбайжан орналасыпты. ЕАЭК елдері арасында рейтингте бізден жоғары тек Армения ғана, 47-орында. Қырғызстан мен Ресей, тиісінше, 79-шы және 98-ші орындарда, Беларусь 104-ші орынға жайғасыпты.
Қазақстан 64,5 баллдық бағалауы есепке алынуымен экономикасы орташа еркін елдер тобына қосылған. Елдің жалпы бағасына үкіметтің адалдығы және тұрақтылығы, сот жүйесінің тиімділігі, мемлекеттік шығындар, қаржылық қуаттылығы, бизнес еркіндігі мен еңбек еркіндігі сияқты көрсеткіштердің төмендеп кетуі әсерін тигізген. Қазақстандағы 2019 жылғы 12 көрсеткіш арасында тек 4-уі бойынша бағалау жақсарған: мүліктік құқықтар, ақшалай еркіндік, салық жүктемесі және сауда еркіндігі.
Рейтингке барлығы 180 ел кіріп отыр. Бірінші орынды – 90,2 балл жалпы бағамен Гонконг иеленді, ал екінші орынға бар-жоғы 0,8 балл ғана есе жіберген Сингапур ие. Үшінші орында – 84,4 баллмен Жаңа Зеландия. Еркін экономикалы бар-жоғы алты-ақ ел: аталып өткен үш үздік, сондай-ақ Швейцария (81,9 балл), Австралия (80,9 балл) және Ирландия (80,5 балл).

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру