Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Демеушілер қатары көбейді

Биыл жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы еліміз бойынша бір ай бұрын ерте басталды. Бұған себеп, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес көмекке мұқтаж отбасы балалары барынша ерте қамтылуы тиіс.

Осыған байланысты Алматы облыстық әкімдігінде 5 шілдеден бастап «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы өкім шығарылған болатын. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы басшы-сының орынбасары Жаңыл Сүлейменова баспасөз мәсли-хатында айтты.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушы-ларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала-ларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу.
Игі шара барысында көп-балалы және әлеу-меттік жағдайы төмен отбасыларындағы балалар киім-кешек, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнде жетісулық 770 оқушыға 9 миллион теңге көлемінде демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жыл сайын шараның ауқымы кеңейіп, тұрақты демеушілер мен меценаттардың қатары артып келеді. Мәселен, былтыр облыс бойынша 3 миллиард теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілген болса, соның 2,4 миллиарды демеушілер тарапынан жасалған. Шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру