Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Сандық технология – сапалы жұмысқа жол ашады

Alstom және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасындағы темір жол дабылдама жүйесі, орталықтандыру және бұғаттауға арналған сандық технологияларды дамыту саласында ынтымақтасу жөнінде меморандумға қол қойды.

Меморандумға Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдың Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЭҚЗ» электровоз құрастыру зауытына жасаған ресми сапары кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов және Alstom компаниясының Таяу Шығыспен Африка және Орта Азия аймағындағы аға вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.
Меморандум темір жол дабылдама жүйесі, орталықтандыру және бұғаттауға арналған сандық технологияларды дамытуға арналған. Бұл Қазақстан Республикасында құрылғалы отырған «Дабылдама жүйесі, орталықтандыру және бұғаттау сандық құзыреттіліктер орталығы» базасында басымдыққа ие темір жол станцияларындағы аталмыш жүйелерді жаңғырту аясында бейімделген техникалық шешімдерді келешекте ендіру мақсатында жүзеге асырылмақ.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ сандық бағдарламаларды белсенді ендіруде. Темір жол инфрақұрылымын жаңғырту – еліміздің көлік саласын дамытудағы басым бағыттардың бірі. Alstom сияқты әлемдік көшбасшымен әріптестікте біз жаңа технологияларды, атап айтқанда ДОБ заманауи жүйесі желісін енгізу айтарлықтай қысқа мерзімде және жоғары сапалы деңгейде өтетініне сенімдіміз», – деп атап көрсетті ҚТЖ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.
Alstom компаниясы Қазақ-станда сервистік депо, сервистік орталық пен екі өндірістік объектіге жұмылдырылған 730-дан аса қызметкер штатымен ұсынылған. Бұл Нұр-Сұлтан қаласында магис-тральдық электровозды өндіру және сервистік қызмет көрсетумен айналысатын Электровоз құрастыру зауыты және жаңа буынға жататын бағыттамалық жетекті өндіретін Алматы қаласындағы «Қазэлектрожетек» зауыты. Alstom аймақтағы темір жол индустриясының қалыптасуы мен экономиканың дамуына ат салысып отырған ең ірі компания болып табылады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру