Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Диагностикалық орталықтың құрылысы жүргізілуде

Түркістан облысы Жетісай ауданында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жүзеге асырылуда. Мәселен, Жетісай ауданы Жаңаауыл округіне қарасты Ынтымақ ауылында жеке кәсіпкер Бахтияр Шавкеев 2 қабатты диагностикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. Аумағы атшаптырым нысанның құрылысы сәуір айында басталды. Бүгінде мұнда 14 құрылысшы үш ауысыммен жұмыс істеуде.

«Біздің салып жатқан нысанымыз диагностикалық орталық саналады. Алдағы уақытта тұрғындарға консультативтік және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету түрлерінің кең спектрін ұсынатын боламыз. Орталық заманауи жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықталады. Пациенттерге жоғары санатты дәрігерлер кеңес береді. Бұған дейін Шымкент, Түркістан қалаларына барып, тексеріліп жүрген аудан тұрғындары енді біздің орталықтан тексерістен өтуіне бар мүмкіндік жасалмақ», – дейді Сардар Шавкеев.
Шавкеевтер әулеті осыдан 3 жыл бұрын Жаңаауыл елдімекенінен өз қаражат-тарына 150 орындық заманауи балабақша ашып берген болатын. Бүгінде ауыл тұрғындары балабақшаның игілігін көріп отыр. Қазірдің өзінде мұнда 150 бала тәрбиеленіп жатса, тағы 60 бала кезекте тұр. Осыны ескерген Сардар Бахтиярұлы көктемде балабақша жанынан 150 орындық мектепке дейінгі даярлық орталығының құрылысын бастап жіберіпті. Қазіргі таңда ғимараттың екінші қабаты қалануда. Аталған ғимарат құрылысы алдағы желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

АЙНҰР БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру