Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Активтер сапасын бағалау – жүйені тұрақтандыру үшін қажет

Доллар бағамы ақырындап болса да, сенімді түрде максимумын жаңартуда. Міне, осы мақаланы кезекті нөмірге дайындау барысында ол 385 теңге деңгейінен де асып түсті. Алайда, таяу­да Қазақстанда болып қайтқан ХВҚ-ның миссиясы бұның нақты нарықтық бағам екеніне сенімсіз сияқты. Оның өз себептері де бар.

Еске алар болсақ, 2019 жылға еліміз доллардың ең жоғарғы – 384,2 теңге бағамымен енген болатын. Дегенмен, одан асып түсу үшін жарты жылдан сәл артық уақыт кетті. 7 маусымда америкалық валюта ресми түрде 384,53 теңгеге дейін өсті. Сосын тағы бір жарым айдан соң – жаңа деңгейге көтерілді. 22 шілдедегі доллардың құны – 384,87 теңге.
Осы шарықтау шегіне жеткен екі аралықта дамушы на­рықтарда біршама айтарлықтай оқиғалар орын алғанын айта кету керек. Мәселен, доллардың әлсіреуі және әлемдік нарықта рубльдің құнының өсуі, АҚШ пен Қытайдың өзара қарым-қатынастарының шиеленісуі, сосын мәмілеге келулері, ФРЖ және ЕОБ мөлшерлемелерін төмендетуге даяр екендерін мәлімдеуі, мұнайға бағаның бір баррельге 62-ден 68 долларға дейін өсуі және содан соң қайта құлдырауы, АҚШ-тың Иранға қатысты ықпалшаралар енгізуі, Түркияның Орталық банктің саясатына араласуын және Ресейден қару-жарақ сатып алуын жаппай айыптау.
Әйтсе де, теңге барлық мұндай оқиғаларға айтарлықтай тыныш әсер берді.
Бұл, шын мәнінде, ұлттық, әсі­ресе дамушы елдің валютасының, нарықтық бағамы үшін таңқалар­лықтай. Бүкіл осы уақыт аралығында орташа бағам 382,4 теңге деңгейінде болды да, одан максималды ауытқуы 1,4%-дан аз мөлшерді құрады (1-инфографика).

ХВҚ: бағам құру түсініксіз

Мұндай таңданысты Халық­аралық валюта қорының сарапшылары да атап көрсеткен. ХВҚ миссиясы 9-16 шілдеде Қазақстанда болған. Сапар мақсаты аса кең – ағымдағы жағдайды, келешек пен қауіп-қатерді талдаудан бастап, елдің экономика саясатының шараларына шейін.
Сапардың нәтижесі бойынша сарапшылар қорытынды, оның ішінде Қазақстанның бағамдық саясаты туралы да, мәлімдеме жасады.
«Теңгенің бағамы, жалпы ал­ғанда тұрақты, бұған туындап отыр­ған қысқа мерзімді қысым­дарға қарамастан, сыртқы жайлы жағ­дайлар негіз болуда.
ҚҰБ (Қазақстанның Ұлттық банкі – ред.) сәуірде базалық мөлшерлемені төмендетті де, оны маусым және шілдеде өзгеріссіз сақтап қалды.
ҚҰБ (Қазақстанның Ұлттық банкі – ред.) сәуірде базалық мөлшер­лемені төмендетті де, оны маусым және шілдеде өзгеріссіз сақтап қалды.
Қарыздарды есептен шығару және корпоративтік қарыз алушылар тарапынан сұраныстың аздығына байланысты экономиканы кредиттеудің төмендеуі одан әрі жалғасқан», – деп атап көрсетілген хабарламада.
Сонымен қатар сарапшылар теңгенің бағамына Ұлттық банктің әсері туралы пікір қалыптасқа­нын атап айтады. Яғни, реттеуші, мұнысын аса жарияламай-ақ, теңгені белгілі деңгейде ұстап отыр. Анығырақ айтсақ, оның өсуін тежеуде. Мұндай ойға, тұрақтылық кезеңінің Ұлттық банктің сақтық қорындағы айтар­лықтай өзгерістермен тұспа-тұс келу фактісі де итермелегендей.

«ҚҰБ-не икемді айырбас ба­ғамы саясатына бейілдігін растап, Ұлттық қор (ҚРҰҚ) немесе Зейнетақы қорының (БЖЗҚ) атынан жүргізілетін саясат пен операцияларды жүзеге асыру шарала­ры аясында валюталық нарықта­ғы басқыншылықты айқын шектеу қажет.
Мұндай операцияларды ережелер мен есептемелерді ашық жасауға сәйкес жүргізу шарт. Сонымен қатар ақшалай негіздегі басқыншылықтар бойынша есептемелер және олар айырбас бағамын басқару тәсілі тұрғысында қабылдау мүмкіндігі жағдайында да іске асырыла алады», – деп атап көрсетеді ХВҚ.
Басқаша айтқанда, Ха­лықаралық валюта қоры теңге бағамының, теңгерілгенге жақын емес, икемді екенін білдіруді ұсынады. Ал бұл үшін басқыншылықтар бойынша ақпаратты егжей-тегжейлірек ашып көрсету қажет.
Қазір Ұлттық банк айына бір рет мәліметтерін қарапайым сан (әдетте – 0) ретінде, толықтай ашып көр­сетпей, жариялайды (1-таблица).


Ұлттық банктің басқын­шы­лықтар бойынша жариялаған мәліметтері мынадай. ХВҚ бұны толығырақ ақпарат түрінде көрсетуді ұсынады.

ХВҚ тағы нені атап айтты?

Жыл қорытындысында Қазақ­стан экономикасының өсімі 3,8%-ды құрайды, ал 2020 жылы жоғарырақ болады. Егер мұнай өндірудің ауқымы қалпына келсе, оның (және де басқа шикізат тауарлардың) бағасы тұрақты күйінде қалса, ал әлемдегі геосаяси жағдай елеулі шиеленіске ұшырамаса.
Қазақстандағы банктік жүйе әлсіз, ал несиелер сапасы нашар. Жүргізіліп жатқан активтер сапасын бағалау – қаржылық жүйені тұрақтандыру бойынша жұмыстарды жалғастырудың жақсы базасы. Егерде банктерге көмек қажет болса, онда тек ірі және маңыздыларына ғана көрсету қажет. Және де ол Ұлттық қор қоржынынан емес,бюджет есебінен орындалуы тиіс.
Ұлттық банктің Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшірілуі – тәуекелді қимыл. Көші-қон барысында орган жұмысында кемшіліктер орын алуы мүмкін. Мәселен, банктерге тиісінше бақылау жасай алмау және үкіметпен іс-қимылды реттеудің төмендеуі.
Әлеуметтік ұсыныстарды жүзеге асыру бюджет тапшылығының өсуіне әкеліп соғады. Бұл Ұлттық қордан жаңа қаражат құюға тура келеді деген сөз.
Жүйелік реформаларды не­ғұрлым шұғыл жүргізу қажет. Бәсекелестік пен өнімділікті арттыру, шикізаттық емес жүйені дамыту қажет, бизнес жүргізу жағдайларын, сондай-ақ мемлекеттік органдар­дың тиімділігін жақсарту керек. Қазақстанның ірі компаниялары өз акцияларын биржаға шығарулары тиіс.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру