Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Мал шаруашылығының дамуы оң динамиканы көрсетуде

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 962,2 млрд.теңгеден 1063,5 млрд. теңгеге дейін 10,5%- ға ұлғайды.

Соңғы жылдары мал шаруа­шылығы өнімдерін өндіруде оң өсім байқалады. Сиыр еті 477 мың тоннаны құрады, бұл ішкі тұтынудың 98%-ын, қой еті 150 мың тоннаны, шошқа еті 86 мың тоннаны қамтамасыз етеді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сиыр еті бойынша экспорт көлемі 19,9 мың тоннаны, қой еті 3 мың тоннаны, шошқа еті 400 тоннаны құрады. 5 жыл ішінде тұрақты тұтыну өсімі кезінде құс етін өндіру көлемі 40% – ға артып, 192 мың тоннаны құрады. Азық-түлік жұмыртқасы экспортының қарқыны артып келеді, өткен жылдың қорытындысы бойынша 680 млн. дана жұмыртқа экспортталды.Сүт өндіру көлемі 5,7 млн. тоннаны құрады.
Ірі қара малдың саны 7,2 млн. басқа дейін, қой 18,7 млн. басқа дейін, жылқы 2,6 млн. басқа дейін, құс 44,3 млн. басқа дейін өсті. Агроқұрылымдардағы ауыл шаруашылығы малдары мен құс басының өсуінің оң динамика сақталуда.
АӨК дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Министрлік мал шаруашылығы салаларын дамытудың ұзақ мерзімді салалық бағдарламаларын қабылдап іске асыруда.
Етті мал шаруашылығын да­мы­тудың ұзақ мерзімді бағ­дар­ламасы 10 жыл ішінде бор­дақылау алаңдары және ет ком­бинаттарымен кооперация­ланып жұмыс істейтін етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығында 80 мың от­басылық фермерлік шаруа­шылық­тарды құруды көздейді. Бағдар­лама сиыр еті мен қой етінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Сүтті мал шаруашылығы­ның ұзақ мерзімді бағдарламасы сүт өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған. Жалпы алғанда, өнеркәсіптік және отбасылық үлгідегі сүт-тауар ферма­ларының санын арттыру есебінен қайта өңдеу қуаттылығын тиеу үшін сүт өндіру көлемін 1 млн.тоннаға ұлғайту жоспарлануда. Жылдам нәтижелерге қол жеткізу үшін өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларын салу қарқынын арттыруды қамтамасыз ету қажет.
Құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы құс етінің импортын алмастыру үшін жаңа өндірістік қуаттар құруды көздейді. Құс етін өндіру көлемін 3 еседен артық ұлғайту жоспарлануда.
Шошқа шаруашылығын дамыту бағдарламасы Қытай на­рығына шошқа етін экспорттауды дамытуға бағытталған. Жалпы шошқа етін өндіру көлемін 2 есеге ұлғайту жоспарлануда.

Айта кету керек, 2019 жылы 683 отбасылық ферма 66,7 мың басқа несие алып, 42 мың бас аналық ірі қара мал әкелді. Сонымен қатар, 536 фермерлік шаруашылық 210 мың аналық қой сатып алуға қаржыландырылды.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы шеңберінде өнер­кәсіптік және отбасылық үлгідегі сүт-тауар фермаларын салуды қаржы­лан­дыру жүзеге асырылады.
2018 жылы 7 өнеркәсіптік кешен мен 22 отбасылық ферма жаң­ғыртылып, іске қосылды.
100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында, стратегиялық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қайта өңдеу секторына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысында түйе және бие сүтін қайта өңдеу бойынша «Golden Camel Group» ЖШС (Қытай), Павлодар облысында «Лакталис» ЖШС (Франция) жобалары іске қосылды.
Өңірлерде малды сою және бас­тапқы қайта өңдеу бойынша заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындар құру, етті терең өңдеу технологияларын игеру жөніндегі жобалар іске асырылуда.
Ағымдағы жылы Алматы облысында қуаттылығы тәулігіне 100 бас ірі қара мал, 1500 бас ұсақ мал сою бойынша «Емпайр фуд» ЖШС-нің (Иран) ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша жоба іске қосылды.
Биылғы жылы Нұр-сұлтан қала­сында қуаты жылына 5 мың тонна ет өндіретін ет-өңдеу кешенінің құрылысы бойынша «Ерейментау ақбас» ЖШС пайдалануға беру жос­парлануда.
Батыс Қазақстан облысында уақытша тоқтатылған Кроун батыс жобасына жаңа инвесторды тарту бойынша жұмыс жүргізілді. Ақорда компаниясы осы күзде іске қосу үшін осы жобаны сатып алуда.
Сондай-ақ, Гранд Фарм (ҚХР), Бауманн (Германия), Иналка/Кремонини (Италия) сияқты трансұлттық компанияларды ет өңдеу секторына тарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, америкалық Транс­­ұлттық компаниялар өз инвес­тициялары есебінен сиыр етін өндіруге арналған заманауи ет өңдеу кешенін салуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта американдық ғалымдар тобы саланың ағымдағы жай-күйіне шолу жүргізіп, америкалық компаниялар үшін талдамалық есеп дайындады
Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкімен бірлесіп ет саласын дамытуды қолдау бағдарламасы әзірленуде. Қазіргі уақытта тиісті жол картасы әзірленуде.
Германия Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан гранттар тартылып, құрылып жатқан сүт-тауар фермаларға ағымдағы жылдың қазан айында консультация ұйымдастыру үшін бағдарлама жүзеге асырылады.

Ернар Орманов


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру