Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке қысқаша шолу (маусым, 2019 жыл)

Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнет­ақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестициялық портфельді сақталуы мен кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған әр­та­рап­тандыру мақсатында зейнет­ақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланды.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы актив­тері портфелінің көлемі 9 995,5 млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге номинирленген қаржы құралдары 6 819,7 млрд теңгені немесе 68,2%-ды, шетел валютасына номинирленген қаржы құралдары 3 175,8 млрд теңгені немесе 31,8%-ды құрады.
Теңгемен номинирленген зей­нет­ақы активтерінің портфелі. БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зей­нетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.
Теңгемен инвестициялар. 2019 жылғы маусымда теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 239,4 млрд теңге (ақша нарығы құралдарына инвестицияларды есептемегенде1) болды, оның ішінде: орташа алынған кірістілігі жылдық 8,6%-бен 140,0 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы – министрлігінің МБҚ сатып алынды; жылдық 1,0з% мөлшеріндегі инфляцияға тең кіріс­тілікпен және сыйақымен 30,0 – млрд. теңге сомаға Еуропалық Қайта құру және Даму облигациялары сатып алынды; кірістілігі жылдық 9,5%-бен 20,0 млрд. теңге сомаға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың – облигациялары сатып алынды. кірістілігі жылдық 10,0%-бен 11,2 млрд. теңге сомаға «Қазақстан Даму Банкі» – АҚ-тың облигациялары сатып алынды; кірістілігі жылдық 11,5%-бен 38,2 млрд. теңге сомаға «Қазақтелеком» АҚ-тың – облигациялары сатып алынды. Қарасты­ры­лып отырған кезеңде теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығы­ның қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы ин­вестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.


Теңгемен өтеу және сату. 2019 жылғы маусымда АО «DTJ» АҚ обли­гацияларының бір бөлігі 1,1 млрд теңге сомаға сатылды. Қаралып отырған кезеңде банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ депозиттері бойынша негізгі борыш жалпы сомасы 0,4 млрд теңгеге мерзімінен бұрын ішінара өтелді.
Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. БЖЗҚ-ның шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

1. ҚРҰБ ноттары мен депозиттері, ҚР МБҚ кепілімен «Валюталық своп» және «Кері репо» операциялары


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру