Валюта бағамы: $ 389.52 429.21 6.07 ¥ 54.94

Ирригациялық қондырғыларды өндіретін кәсіпорын құрылады

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің және ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың қатысуымен Valmont Industries, Global Beef (АҚШ) және Kusto Group арасында мәмілеге қол қойылды. Құжат қуаттылығы жылына 1000 жүйеден кем емес заманауи ирригациялық қондырғыларды өндіретін зауытты Қазақстанда бірлесе салуды көздейді. Инвестициялар көлемі 50 миллион долларды құрап отыр.

Қол қою салтанаты кезінде Kusto Group басқарма төрағасы Еркін Тәтішев былай деп атап өтті: «Бизнес көшбасшылары ортақ мақсатты бөлісіп, күш жұмылдырып әрекет етсе, ұлы істерді тындыруға болады. Valmont Valley Irrigation серіктесіне айналып, Қазақстанның болашақ дамуы мен өркендеуіне тарихи үлес қосуға мүмкіндік алып отырғандығын Kusto Group мақтан тұтады».
«Біз Қазақстандағы ауыл шаруашылығын түбегейлі түр­де өзгерту үшін орасан зор мүм­кіндіктердің бар екендігіне зор үмітпен қараймыз. Қажетті қабілеттері мен құндылық­тары бар, ортақ мақсатқа жетуге қауқары күшті Kusto Group арқылы мінсіз серіктесті тап­қанды­ғымызды білеміз», – деп баса атап өтті Valmont Industries CEO және президенті Cтив Каневски.
Жобаны жүзеге асыру Қазақ­стандағы суарылатын егін­ші­лікпен байланысты жағдайды айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік бермек. Қазіргі таңда суарылатын жердің 7%-ы бүкіл ел бойынша жиналатын астықтың 40%-ға жуығын беріп отыр.
Жаңа буынға жататын иррига­циялық қондырғылар ауылшар­уа­шылық дақылдарын өсіруге жұм­салатын су көлемін қысқарта оты­рып, дақылдардың өнімділі­гін бірнеше есеге арттыруға мүмкін­дік бермек. Мәселен, 50 ц/га өнім­ділігі бар күріш үшін жұмса­латын су көлемі 50%-ға азаймақ, жүгері үшін өнімділік 4 т/га-дан 12 т/га-ға дейін артып, су шығыны 80%-ға, ал мақта үшін су шығыны 70%-дан астамға қысқарады.
Сондай-ақ, жоба аясында суару саласындағы озық тех­но­логиялар трансферті, су қор­ла­рын оңтайлы қолдану, фер­мерлерді оқыту және тренинг өткізу, білікті кадрларды даярлау қарастырылған. Заманауи ирригациялық қондырғылар қойылатын демонстрациялық алаңдарды Ақмола және Түр­кістан облыстарында құру жос­пар­ланған.
«Valmont Industries» компаниясы механикаландырылған ир­ригациямен байланысты ең соң­ғы технологияларды шығаратын жаһандық көшбасшы «Valley Irrigation» фирмасының иегер компаниясы болып табылады. Фирма өз тарихы барысында 250 000-нан аса суармалы айналма жүйені жеткізді. Қазіргі таңда «Valmont» жүйелері жыл сайын бүкіл әлем бойынша шамамен 10 млн. гектар жерді суарып отыр.
Valmont бүкіл әлемдегі инфра­құрылымдарды дамытуға және ауылшаруашылық тиім­ділігін арттыруға арналған жүйе­лерді, инженерлік бұйым­дарды жобалау және өндіру жағынан жаһандық көшбасшы болып табылады.
«Kusto Group» Сингапурда тіркелген инвестициялық-өнер­кәсіптік холдинг болып табы­лады. «Kusto Goup» әртүрлі сек­торларда, соның ішінде ауыл шаруашылығы, мұнай және газ, құрылыс заттары және жылжымайтын мүлікті дамыту саласында әлемнің 11 елінде бизнес жүргізеді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру