Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Барлық салада байланыс күшейе бермек

Алматыдағы «Игілік Плаза» мейрамханасында Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл және екі елдің арасындағы индустриалды-инновациялық байланыстың 5 жылдығына арналған басқосу өтті.

Басқосудың ашылу салтанатында Қытай Халық Республи­касының Алматы қаласында­ғы консулдығының бас консулы Чжан Вэй қос мемлекеттің эко­номикалық-әлеуметтік жағ­дайына кеңінен тоқталып, көр­ші елдер арасында барлық салада қа­лыптасып келе жатқан байла­ныстың түбі жақсылыққа апара­тындығын атап өтті.
ҚХР-дың құрылғанына биыл 70 жыл толады. Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орна­ғанына 27 жыл толып отыр. Ширек ғасырдан астам уақытта екі елдің арасындағы қарым-қа­ты­нас жаңа деңгейге көтеріліп келеді деп айта аламыз. Нақтырақ айтқанда, инфрақұрылым, индустрия, жаңа технология саласында, сонымен қатар, мәдениет саласындағы ынтымақтастық та жаңа деңгейге шығып келеді. Екі ел арасына дәнекер болатын мәдени қарым-қатынаспен қоса, ақпараттық бай­ланыстар да көбейіп келеді.
Қазақстанның сыртқы сая­са­тында ерекше геосаяси ма­ңы­зы бар мемлекеттердің бірі – Қытай Халық Республикасы. Екі мемлекет арасындағы ортақ шекараның ұзындығы 1740 шақырым. Сонымен қатар екі ел тарихи көршілер болып табылады. 1992 жылы Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасында алғашқы дипломатиялық қатынастар орнатылғаны мәлім.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру