Валюта бағамы: $ 383.95 429.26 6.16 ¥ 55.02

Қазақмыс еңбекақыны өсірді

Компания басшылығы шілде айынан бастап, биылдыққа екінші реет барлық жұмысшылардың еңбекақысын көтеру турал ышешім қабылдады. Аталмыш компанияның жалпы еңбекақы төлеу қоры шамамен 10 пайызға ұлғайды, сонымен бірге мамандық бойынша еңбекақының өсуі дифференциалды болады және ол қазіргі ақыға байланысты болмақ.

Кенші, металлург және байытушы мамандықтары күрделі әрі қауіпті болып саналады. Сондықтан Қазақмыс әрқашан еңбек ұжымдарының жағдайын ескере отырып, мүмкіндігінше еңбекақыны көтеріп отыруға тырысады. Лайықты және бәсекеге қабілетті еңбекақы – әлеу­мет­тік жағдайдың маңызды факторы.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақмыс корпорациясының жұмыс­шылары көбейтілген жа­ла­қы алып келеді. Еңбек­ақыны өсіру Қазақстан Рес­публикасындағы төменгі жалақы мөлшеріндегі өзге­рістерге байланысты жасалған болатын.
Қазақмыс – әлемдегі ірі күміс өндірушілердің бірі. 2018 жылы 242,0 тонна тазартылған күміс алынды. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС табиғи ресурс­тарды өндіру және қайта өңдеу бойынша жетекші компания, Қазақстандағы ірі мыс өндіруші. Компания құрамында он екі кеніш, алты кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты және екі көмір разрезі бар. Қазақ­мыс кен өндіретін және оны өңдеп, тауарларды металлға айналдыратын өндірістік нысандарды басқарады. 2018 жылы 238,858 мың тонна катодты мыс өндірілді, 3112 келі алтын құймалары алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2250 келі) 862 килограммға артық (+38,3%).
Корпорация кәсіпорындар мен аймақтарды электр энергиясымен қамтамасыз ететін ішкі электр станцияларына ие. Жалпы корпорациядағы жұмысшылардың саны шамамен 38 671 адам.

Айнұр Бақдәулетқызы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру