Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

«Цифрлан! Трендте бол!» акциясы жалғасуда

Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Цифрлан! Трендте бол!» акциясы өтті. Шараны Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Акция мақсаты – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, ағарту-насихат жұмыстарын жолға қою және көшбасшы жас­тарды осы жұмысқа тарту.
«Цифрлық Қазақстан – бола­шақ­қа бағдар» тақыры­бындағы іс-шаралар аясында маусым айында бастау алған «Цифрлан! Трендте бол!» акциясына қатысушылар саны арта түсуде. Жастар, студенттер өз қатарластарын үйретуде. Акцияға қаланың Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері де қолдау көр­сетіп қатысты. Алдағы уа­қытта мұн­дай шаралардың маңыз­дылығы артып, цифрлық сауатты тұрғындар көбейе береді деп үміттенеміз», – дейді шара ұйымдастырушысы, халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова.
Шара барысында «Азамат­тарға арналған үкімет» мемле­кеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының мамандары Түрксіб ауданы­ның әртүрлі санаттағы тұрғын­дарына электрондық үкімет порталынан цифр­лық қызметтерді алу, ЭСҚ-ны, смартфондағы Telegram қосымшасының Egovkzbot және Mgov қосымшаларын пайдалану жолдарын үйретті.
Корпорацияның Түрксіб аудандық фронт-офис басшы­сының орынбасары Гунари Матсуба онлайн режімде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жайлы баяндаса, мамандар әрбір қызметті алуды қадам бойынша слайдпен түсіндірді. Қолдағы телефон арқылы да мемлекеттік қызметті алуға болатынын естіген аға буын, таңданыстарын жасыра алмады.
Шараға қатысқан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі президиумының мүшесі Сағым­­бекова Майра Мәжит­қызы «Ци­фрлық Қазақстан» мемле­кеттік бағдарламасының маңыз­дылығына тоқталды.
Айта кетейік, қазіргі уа­қыт­та телеграм-бот (@Egov­KzBot) арқылы мемле­кет­­тік қызметтердің 25 түрі қол­жетімді. Бұл мекенжай анық­­тамаларын, зейнет­ақы аударымдары туралы анық­тамаларды, психо және наркодиспансерден анықтамаларды, сондай-ақ кезекті онлайн брондау, дәрігерді үйге шақыру және т. б. анықтамаларды алуға болады.
Мобильді mGov.kz қосым­ша арқылы білім беру, отбасы, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау және т. б. сала бойынша тоқсан мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Смартфон иелері бұл қо­сым­­шаны былтыр 1,3 млн рет жүктеп, 3,6 млн қызмет алған.
Реестрдегі 752 мемлекеттік қызметтің 506-сы, яғни 67% электрондық форматта қол­жетімді. Жыл өткен сайын элек­трондық жолмен көрсе­тілетін қызмет саны өсіп отырады, 2020 жылы оның үлесі 90% құрауы тиіс.
Бүгінде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі 77% жетті. 2022 жылға қарай оны 83% дейін арттыру көзделген.
Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталы­ғының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілге­рілету тақырыбындағы жоба аясында өтті.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру