Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын индустриалық тұрғыдан жеделдетіп дамытуға көп көңіл бөлінуде. Оны мынадай жайттер мейілінше анық аңғартатын болса керек. Үстіміздегі жылдың 26 наурызында болған ҚР үкіметінің кезекті отырысы барысында премьер-министр Асқар Мамин мұнай-газ және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау үшінші индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым бағыттарының біріне айналуы қажет екенін баса айтты.

Сол жерде сөйлеген сөзінің барысында ол осы бір мәселеге қатысты өз ойын былайша тарқатты: «Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің өсу қарқыны жоғары болып, 4,1 пайызды құрады. 100-ден аса жоба іске асырылды. 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды. 13 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Осыған орай келесі міндеттерді іске асыру қажет. Бірінші – машина жасау саласының даму қарқынын қамтамасыз ету. Мұнай-газ машина жасау саласы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы ірі мұнай-газ жобаларының ұлғаюының арқасында одан ары өсуіне үлкен әле­уеті бар екендігін атап өту керек. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға назар аудару қажет. Онда өндірістік коопера­циялардың арқасында өсім күтіледі. Жалпы мұнай-газ және ауыл шаруа­шылығы машиналарын жасау үшін­ші индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым бағыт­та­ры­ның біріне айналуы қажет. Осы бағытты дамыту үшін тиісті шара­ларды ұйымдастыру қажет».
Сонымен, қазір үшінші индус­триялық-инновациялық даму бағ­дарламасы жүзеге асырылып жатыр. Яғни бұған дейін де осындай кешенді жобалар қолға алынған. Осы жағдайға сырттан қараған адамға бұрынғы бағдарламалар аяқсыз қалған екен деген ойдың келуі мүмкін. Бірақ бұл, әрине, қате түсінік. Нәтиженің жоғары емес болғанына қарамастан бұрынғы бағдарламаларды табыссыз болды деуге келмейді. Олар өздеріне жүктелген мақсаттардың орында­луына мүмкіндігінше септігін тигізді.
Елге инвестициялар тартылды, бірлескен кәсіпорындар ашылды, бұрыннан жұмыс істеп жатқан кә­сіпорындар қайта жабдықталды Мәселен, жергілікті атқарушы би­лік органдарының мәліметтеріне қарағанда, индустриялық-инно­вациялық даму стратегиясы ауқы­мында республиканың аймақ­тарын­да барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы сомасы жүздеген мил­лиард теңгені құрайтын көптеген инвестициялық бағдарлама іске қосылыпты.


Кезінде Қазақстанда эконо­ми­каны индустриялық-иннова­ция­лық жедел дамытудың 5 жылдық бағ­дарламасының басты құралы ретінде индустрияландыру картасы және 2020 жылға дейінгі өндірістік күштерді тиімді түрде орнықтыру схемасы пай­даланылды.
Индустрияландыру картасы құра­мына құны 50 миллион доллардан асатын республикалық маңызы бар инвестициялық жобалар және құны 50 миллион доллардан төмен аймақтық маңызы бар инвестициялық жобалар енді. Оған түсетін жобалар дайындығы деңгейіне қарай үш түрге бөлінуге тиіс болатын. Яғни олар дайындығы деңгейі жоғары, орташа немесе төмен деп бөлінді.
Индустрияландыру картасы құрамына тек алғашқы екі топтың жобалары ғана кіруге тиіс болды. Үшінші топтың перспективтік жо­балары таяудағы резерв ретінде жи­нақталды және қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында даму институттарына, банкілерге, шетелдік инвесторларға ұсынылды.
Жаңа индустриялық саясат ау­қымында инвестицияларды тарту басты мақсаттардың біріне айналды. Және де бұндай түсінік қазір де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның өз ішкі мүмкіндіктері шектеулі, халықаралық қаржы нарық­тарына жету қиын, сондықтан тек тіке шетелдік инвестициялар ғана басты құралға айнала алады.
Қазақстанда қолайлы инвести­циялық климат қалыптас­тырылған. Бұны шетелдік сарапшылар да рас­тайды. Осы үшін қажетті үш негізгі фактор бұнда табылады.
Біріншіден, бай табиғи және минералдық ресурстар бар. Ғалым­дардың бағалауынша, біздің еліміз табиғи ресурстардың қоры жағынан әлемде алтыншы орынды иемденеді. Қазақстан цинктің, вольфрамның және барриттің барланған қоры бойынша бірінші орында, күмістің, қорғасынның, уранның және хро­миттердің барланған қоры бой­ынша екінші орында, мыс пен флю­ориттің барланған қоры бойынша үшінші орында, молибденнің бар­ланған қоры байынша төртінші орында, алтынның барланған қоры бойынша алтыншы орында көрінеді.
Екіншіден, Қазақстан инвес­торларға жарты миллиардқа жуық адамы бар тұтынушы нарығын (Орта­лық Азия, Қытай Халық Рес­публи­касы және Ресей Федера­циясы) ұсына алатындай геогра­фиялық жа­ғынан қолайлы орналасқан.
Үшіншіден, Қазақстанда ыңғайлы инвестициялық заңнама арқылы, ин­вестицияларды демеудің тартым­ды шаралары арқылы, экономикалық және саяси тұрақтылық арқылы қолдау көрсетілетін бизнес климаты бар.
Осындай шарттардың бар болуы инвесторлар қауымдастығы тарапы­нан қызығушылық тудыруда. Сон­дықтан аталмыш бағдарламаның оның тарапынан қолдау табуы әбден мүмкін болса керек.

Ақас ТАЖУТОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру