Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Парламент депутаттары құрылыста болды

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті депутаттары Қанат Мусин, Шавхат Өтемісов Зашаған кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.

Елбасының тапсырмасымен елімізде іске қосылған «Нұрлы жер» бағдарламасының басты мақсаты – азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бағдарлама бойынша Оралда үй құрылысы қарқынды жүруде.
– Саратов күре жолы бойын­дағы жаңа шағын ауданда жеті көппәтерлік тұрғын үйдің құры­лысы қолға алынған. Жыл ая­ғына дейін бес көп пәтерлік (774 пәтер) үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланды. Сонымен қатар инженерлік желілер жобасы жасақталып, конкурстық процедуралар жария етілді. Бүгінде Орал және Ақсай қалаларында 17 көп пәтерлік, ауылдарда 119 тұрғын үй құрылысы жүруде, – деп атап көрсетті облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев. Оның айтуынша, биылғы жылдың соңына таман Зашаған кентінде қалалық әкімдіктің үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға арналған құрылыс нысаны тап­сырысқа берілмек.
Депутаттар жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысып, жақсы баға берді. ҚР Парламент депутаты Қанат Мусин еліміздегі тұрғын үй саясатының нақты іске асырылып жатқанына Оралдағы үй құрылысының жанды мысал болатынын айтты.
– Мына тұрғын үйлерде тұ­ратын азаматтар үшін қуа­нып тұрмын. Жайлы әрі жылы пәтерлердің бола­шақ қожайын­дарына баспаналары­ңызда бақыт, бақуаттылық ұяласын дегім келеді, – деді Қанат Мусин.
Шавхат Өтемісов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында елімізде мыңдаған пәтер салынып жатқанын, соның нәтижесінде, көптеген азаматтың тұрғын үйге қолдары жетіп отырғанын айтты. «Бәрімізге белгілі соңғы уақытта көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарына басты назар аударылуда. Елбасының тапсырмасы бойынша жыл сайын 50 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінетін болады. Барлық қаржы-қаражат нақты, тікелей көп балалы отбасыларды тұрған үймен қамтамасыз етуге жұмсалады», – деп еліміздегі жаңалықтармен бөлісті жерлес депутат.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру