Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Ақжайықтық құрылысшылар Арыста

Түркістан облысындағы Арыс қаласындағы апаттың салдарынан бүлінген тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Ақ Жайық өңірінен 11 құрылыс компаниясы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуда. Бұл жөнінде облыс активінде мәлім болды.

Батысқазақстандықтар Арыс қаласындағы 11-сектордағы тұрғын үйлерді, яғни 705 баспа­наны қалпына келтіреді. Бү­гінде 676 үйдің жай-күйі толық­тай зерттелген. 29 үйдің қожайын­дары анықталмай отыр. Қазір үй ие­лерін Арыс қалалық әкім­­дігімен бірлесіп анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 610 үйдің түрлі деңгейдегі ақауы бойынша акт жасалған. Ал 66 баспанаға жарылыстан ешқандай залал келмегені белгілі болды.
– Қазіргі уақытта 215 үйге келген залал жойылды. Зерттелген 676 баспананың жетеуіне толық­тай қалпына келтіру жұмыс­тары жүргізіледі. Соның алтауы бойынша құылыс жұмыстары бас­талды, – деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
«Ақжайық» жеке қайырым­дылық қоры Арысқа көмекке 16,3 млн. теңге қаржы аударған. Арыс­тағы құрылыс жұмыстарына батысқазақстандық 11 құрылыс компаниясы қатысуда.

Гүлбар Дыбысқали


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру