Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Бетон зауыты іске қосылды

Түркістан облысы Кентау қаласында бетон өндіретін «Фахри СтройБетон» ЖШС-і іске қосылып, жұмысын бастады. Жаңа зауыт м150-м450 маркалы бетондарды өндіреді.

Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт сағатына 3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде. Кәсіпорында 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Серіктестік басшылығы бола­шақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр.

Ернар Орманов


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру