Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Қаржылық технологиялар – ел игілігіне

Astana Finance Days аясындағы Fintech Summit барысында Visa Everywhere Initiative (VEI) байқауының қорытынды кезеңі өтті. «Астана» халықаралық қаржы орталығының Финтех хабында тәуелсіз финтех сарапшылары мен Visa, Альфа-банк, Halyk bank, Бірінші кредиттік бюро және ABC-I2BF Seed Fund өкілдерінен құралған әділқазылар алқасы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Сингапур және Ресейден қатысқан жалпы жиыны жиырма команданың жұмысын саралап, байқау қорытындысын шығарды.

Visa Everywhere Initiative байқауына қатысушылардың шешімдері қаржылық сауатты­лық, жеке тұлғаларға арналған қаржылық сервистер, шағын және орта бизнеске арналған қаржылық сервистер, сақтан­дырудағы жаңа технологиялар мен өнімдер (Insurtech), B2B қаржы секторына арналған сервистер, Beeline мобильді қаржылық сервистері сияқты бағыттарда ұсынылды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша бес қатысушы, атап айтқанда, қазақстандық reKassa және Nebank.kz, сингапурлық Lendingstar, қырғызстандық NumbaPay, өзбекстандық Marta командалары жеңімпаз атанды.
«Астана» халықаралық қар­жы орталығының Финтех хабында байқау қорытын­ды­сына орай өткен басқосуда АХҚО басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов: «Біз Visa бағдарламасының нәти­желеріне өте ризамыз. Бізді стартаптар-қатысушылар, менторлар мен серіктестер жағынан бағдарламаның жоғары бағасы қуантады. Біз үшін бұл таңдалған бағыттың дұрыстығын растау – жас инновациялық ком­панияларды қолдау, олар ел мен аймақтың қаржылық қызметтерін өзгертудің және түбегейлі жақсартудың локомо­тивіне айналмақ», – деп өз ризашылығын білдірді.
Бүгінде әлемдегі 5 мил­лиардқа жуық адам мобильді құрылғыларға ие, алайда 2 миллиардқа жуық адам сенімді және қауіпсіз қаржылық қыз­меттерге қол жеткізе алмайды. Бұл қаржылық сауаттылық­ты арттыруға, банктік қызметтер­ге қол жеткізуге, қауіпсіз және жылдам төлемдер жасауға көмектесетін инновациялық ше­шімдерді іздеуге бағытталған Visa Everywhere Initiative сияқты бағдарламалардың жоғары сұранысы мен маңыздылы­ғын көрсетеді. Осы ретте Visa компаниясы­ның ТМД және Оңтүстік-шығыс Еуропа ел­деріндегі аға вице-президенті және аймақтық бөлімшесінің директоры Вера Платонова: «Орталық Азиядағы VEI алғашқы жобасы сәтті өткеніне және қатысушылар арасында қызығушылық ту­дырғанына қуаныштымыз.

Қатысушылардың барлығы дерлік төлем және коммерция саласындағы ертеңгі күннің міндеттерін шешу бағытында қызықты идеяларды көрсетті. Visa Everywhere Initiative өз кезегінде Орталық Азия елдерінің сандық экономикаға көшуіне ықпал ететін нарық үшін өзекті қаржы шешімдерін құру және іске асыруға арналған тұрақты алаңға айналады деп үміттенеміз», – деп атап өтті.
Іс-шара аясында жетекші қазақстандық және халықаралық компаниялар сарапшыларының қатысуымен пікірталас өтті. Сарапшылар жаһандық деңгейдегі қаржы саласындағы негізгі үрдістерді, қаржы ұйымдары мен стартаптар арасындағы финтех-ынтымақтастықтың табысты үлгілерін, әлемдік деңгейдегі таланттарды басқару мен тартуды, бірлескен жұмыс үшін тиімді модельдерді, инвестицияларды ынталандыру шарттарын, төрткүл дүниедегі инновация дамуын жеделдеткен озық бастамалардың мысалдарын талқылады.
VEI байқауына барлық қатысушылар Visa немесе оның серіктестері – банктермен, сақтандыру компанияларымен, ұялы байланыс операторларымен ынтымақтастықта өз әзірлемелері мен идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Бағдарламаның серіктестері қатарында AlfaBank, Beeline, Centras Insurance, Halyk Bank, Wooppay, Forte Bank, KPMG, Kazpost, Al Hilal Bank және т.б. бар.
VEI – бұл Орталық Азияда бірінші рет «Астана» халықаралық қаржы орталығымен әріптестікте өткізілетін финтех стартаптарды қолдауға арналған Visa ғаламдық бағдарламасы. Наурыз айының ортасынан сәуір айының соңына дейін өтінімдер беру үдерісінің 1,5 айы ішінде қаржылық сауаттылықтан жасанды интеллектке дейін VEI бағдарламаға қатысуға идея сатысында, сондай-ақ іске асыруға дайын жобалар сатысында барлығы 93 өтінім берілді. 93-тен 34 команда 23-24 мамырда АХҚО-ның Финтех хабында өткен жартылай финалға шықты. Соның ішінен байқаудың қорытынды кезеңіне жиырма команда іріктеліп қалды.
Visa Everywhere Initiative байқауы алғашқы рет 2015 жылы басталды. Содан бергі уақыт ішінде бағдарламаға 4000-нан астам стартап қатысты, 220 финалист менторлық қолдауға ие болды, ал 70 жеңімпаз жалпы сомасы 1 миллион доллардан астам жүлделерге ие болды. Бүгін VEI стартаптары 2,5 миллиард доллардан астам инвестиция тартты.

Рымтай САҒЫНБЕКОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру