Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Еліміздің батысында доллар өтімдірек

Жаңа үлгідегі АҚШ доллары

Қазақстанның батысындағы тұрғындар долларды көбірек сатып ала бастаған. 2019 жылдың алты айында теңге екі шетелдік валютаға қатысты өзінің жайғасымын әлсіретіп алғанын аңғартты, деп жазады «Курсив» басылымы. Соның айғағындай, жылдың басынан бергі ресейлік рубльдің біртіндеп қымбаттауы елдің екі бірдей – Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында осы валютаға сұраныстың күрт құлдырауына ұрындырды, олардың әрқайсысында 2018 жылмен салыстырғанда, сатудың 2 млрд рубльден астамға азайғанын тіркеген.

Халық долларды белсендірек сатып алуда ма және неліктен екеніне жауап іздеп көрсек. ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметтеріне сәйкес, елімізде жарты жылда АҚШ доллары 6,3%-ға, ал ресейлік рубльдің бағамы 7,5%-ға өскен. Айта кету керек, 2019 жылдың қаңтар-маусымында евро 0,4%-ға арзандаған.

Рубльге сұраныс  қандай?

Жоғарыда атап өткен басылым ҚР Ұлттық банкінің төрт облыс бойынша филиалдары ұсынған мәліметтерді еліміздің батыс аймақтары тұрғы­сында талдап көрсетеді. Соның нәтижесі негізгі сұранысқа ие валюта ресейлік рубль екенін айғақтапты. Мұндай ерекшелікті ҚР-сы басты қаржылық реттеушісінің мамандары батыс аймақтағы үш облыстың географиялық деңгейде Ресейдің бірнеше облыстарымен шектесуімен, сондықтан онда халықтың, жеке тұтынуы үшін де және сауда нүкте­лерінде өткізу мақсатында да, әлсін-әлсін тауарлар сатып алуға шығып тұруынан деп түсіндіреді. «Ағаш валютаны» сатып алуға аймақ тұрғындарының барлық шығын­дарының 90%-дан астамы жұмсалады екен. Алайда, рубльдің теңгеге шақ­қанда күрт қымбаттауы өз реттеуін де жүргізіп үлгерген – аталған облыстарда 2019 жылдың басынан бері ресей­лік ақшаларды сату айтарлықтай азайған.
Ресейлік рубльдерді сатып алудың ауқымы бойынша көшбастаушы – БҚО. Батысқазақстандықтар 2019 жылдың бес айында екінші деңгейдегі банктерден және айырбастау пункттерінен 4,9 млрд рубль сатып алыпты. Әйтсе де, 2018 жылдың осындай кезеңімен салыс­тырар болсақ, жағдай соншалықты да мәз емес: өткен жылдың қаңтар-мамырында БҚО тұрғындары 2 млрд рубль артық сатып алған екен.
Ақтөбе облысында 2019 жылдың қаңтар-мамырында банктер мен айырбастау пункттері халыққа 3,5 млрд ресейлік рубль сатқан. Бұл азғантай– бар-жоғы 234 млн ғана– өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кем екен.
Атыраулықтар осы жылдың қаңтар-мамырында 1,9 млрд рубль сатып алыпты. Оған қоса, өткен жылдың бес айымен салыстырғанда мынадай жағдай айқындалып отыр: бұл облыстың тұрғындары, батыс­қазақстандықтар сияқты, ресей­лік рубльге қызығушылықтарын жо­ғалт­қан. Қорытындысында – өткен жылдың осындай кезеңіндегіден 2,5 млрд рубль аз сатып алынған.
Ресейлік валютаға Маңғыстау облысының тұрғындары мейлінше аз сұраныс танытқан – мұнда ағымдағы жылдың бес айында 243,4 млн рубль сатып алынған. Ұлттық банктің Маңғыстау филиалының мәліметтері бойынша, облыста осы валютаға бұдан бір жыл бұрын-ақ сұраныстың төмендеу беталысы байқалған және одан әрі ширыға түскен: «ағаш валютаны» сату көлемінің былтырғы және 2019 жылғы қаңтар-мамыр айлары арасындағы айырмашылық 338 млн рубльді құрапты (1-таблица).


«Жасыл қағаз» – өтімді

ҚР-ның батысында, соның ішінде Атырау облысының тұрғындары үшін де, америкалық доллар тартымды валюта саналады. ЕДБ-лер және айырбас пункттері 2019 жылдың қаңтар-мамырында осы облыстың тұрғындарына 155,5 млн (АҚШ $-ын) доллар сатыпты. Айта кету керек, атыраулықтар «жасыл қағазға» қатысты тұрақты түрдегі жоғары сұраныс көрсетуде: бұл сома 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда $34,7 млн-ға өскен.


Доллар иеленгендердің көлемі бойынша екінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары: ағымдағы жылдың бес айында олар $132,7 млн сатып алыпты. Мұнда, керісінше, доллар бағамының өсуі осы шетелдік валютаны ықтимал сатып алушыларды үркіткен – қорытындысында маңғыстаулықтар белгіленген кезеңде, 2018 жылдың бес айына қарағанда, $5,8 млн-ға аз сатып алған.
Америкалық валютаға қызығушы­лық серпіні БҚО-да байқалды – нақ сол 2019 жылдың қаңтар-мамырында батысқазақстандықтар $69,8 млн (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда $26,6 млн-ға артық) сатып алыпты.
Ақтөбе облысында долларға сұ­ра­ныс тұрақты: осы жылдың аталған кезеңінде екінші деңгейдегі банктер мен айырбастау пункттері мұнда $66,7 млн (2018 жылға қарағанда $5,8 млн-ға артық) сатқан.
ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалдарында біртіндеп –5–10% көлемінде – жыл сайын еуропалық валюта – евроға сұраныс артуда. Әйтсе де оған дүрліктірердей сұраныс жоқ. Евроны негізінен Еуропаға саяхаттауға баратындар, балаларын шет елдерге оқытуға апаратындар, еуропалық медициналық клиникаларда емделуден өтетіндер алады.

Жұпыны салымдар – теңгемен, қомақтылары – доллармен

Ұлттық банктегілер депозиттік нарыққа қатысты батыс аймақтың тұрғындары өз жинақтарын екі валютада – теңге мен АҚШ долларында сақтайды, деп түсіндіреді. Мәселен, 2019 жылғы мамырдың аяғына Ақтөбе облысы халқының депозиттерінде – 255,8 млрд теңге (оның ішінде 70,7%-ы – теңгелік салымдар). Атырау облысындағы жеке тұлғалар депозиттерінің жалпы сомасы 223,6 млрд теңгені (оның ішінде 64%-ы – ұлттық валютадағы жинақ қорлар) құраған,БҚО-да – 215 млрд (теңгелік салымдар – 70%).
Маңғыстау облысы тұрғындары­ның банктік салымдары мейлінше аз сомада екен – 193,3 млрд теңге (оның ішінде 55,5%-ы – ұлттық валютада).
Қазақстанның депозиттерге ке­піл­дік беру қорының ресми сайтында валюталық салымдарға негі­зі­нен ірі сомалар ұстайтындар артық­шы­лық беретіні туралы ақпарат бар. Олар үшін теңгелік салымшылардан ерекшелігі, жинақтайтын валюта таңдауда қаржыларының сақталуы мен әртараптандырылуы басты өлшем болып табылады. Мәселен, еліміз тұр­ғын­дарының 82%-ға дейінгі доллар­лық депозиттер 500 млн теңгеден жоға­ры көлемдегі салымдар еншісіне тиеді екен.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру