Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Болашағы зор зауыт

SANTO зауытына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп келді. Делегация Парентералдық және пероралдық сұйық дәрілік заттарды өндіретін цехты және ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі 32-пленарлық сессиясына орай ұштастырылып ашылған SANTO Цифрлік инженерлік және білім беру орталығын көріп қайтты.

100 миллион теңгеге жуық инвестиция құйылған Орталықтың басты міндеті – компания мамандарының біліктілігін көтеру, сондай-ақ IT-технология, метрология, автоматтандыру, техно­логиялық үдерістерді басқару саласы бойынша оқитын жоғары оқу орындары мен колледж сту­денттерін оқыту.
Орталықта екі негізгі оқу сыныбы бар: «Ақпараттық технологиялар» сыныбында бағдарламалау және реляциялық деректер базасына әкімшілік ету (Oracle, MS SQL), Java және WEB бағдарламалау, SAP жүйелерінің ERP құрылымы, серверлер және серверлік қосым­шалардың құрылымы және оларға әкімшілік ету бойынша оқу жүр­гізіледі, ал «Үдерістерді автоматтандыру және басқару» оқу сыныбында өнеркәсіпік контроллерлерді қолдана отырып реттеу жүйелерін автоматтандыру және пайдалануға беру, бағдарламаланатын контроллерлер базасында автоматтандыру жүйелерін құру, жиілік өңдегіштер базасында электрожетектерді конфигурацияялау, 3D-модельдеу және 3D-баспа технологиялары, температураны, қысым мен ылғалдылықты өлшеуге арналған аспаптарды калибрлеу саласында дағдылар меңгеріледі.
2013 жылы ҮИИД мемлекет­тік бағдарламасы аясында іске қо­сылған Парентералдық және пе­ро­ралдық сұйық дәрілік заттар­ды өндіретін цех үлкен және кішкен­тай мөлшерлемедегі парентерал­дық ерітінділерді, сондай-ақ зарар­сыздандырылмаған сұйық дәрілік заттарды шығаратын бірегей өндіріс болып табылады. Еуразия аймағында теңдесі жоқ аталмыш цехтың жылдық өнімділігі 140 млн. инъекция ампуласын, 2.8 млн. инфузия қаптамасын, зарарсыздандырылмаған сұйық дәрілік заттардың 3 млн. бөтелкесін құрайды. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 40 млн. АҚШ долларына тең.
Сондай-ақ, компания Арыста зардап шеккен тұрғындарға қосымша көмек көрсететіндігі жайлы хабарлады. Қалада төтенше оқиға орын алған сәтте компания зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшін қажетті дәрілік заттарды медициналық жұмысшыларға ұсынды. Олардың ішінде ауырсынуды басатын дәрілер, кардиопрепараттар, антибиотиктер бар. Дәрі-дәрмектерге қоса, жеке гигиена заттары, балаларға арналған бір реттік жөргектер, эвакуация кезінде тұрғындар жатқан жатақханаларға арналған матрастар жіберілді. Сондай-ақ, компания қызметкерлері де жеке үлестерін қосуға тырысты, қалаған адам зардап шеккендерге қаржылай көмек ретінде ақша аударды. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 3,6 млн. теңге құрады. Арыс тұрғындарына дәрілерді, медициналық бұйым­дарды және жабдықтарды сатып алу мақсатында компания басшылығы атынан 20 млн теңгеге сертификат табысталды.
Жұмыс сапары кезінде SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец былай деп атап өтті: «Шілде айының басында біздің инвесторымыз – Polpharma Тобы бақылау кеңесінің президенті Ежи СтаракҚР Президенті жа­нындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі 32-пленарлық сессиясы аясындаҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және премьер-министр Асқар Маминмен кездесіп, SANTO зауытының мысалында ҚР фармацевтикалық индустриясында инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылып жатқандығы жайлы оларға әңгімеледі, компанияның өнді­рістік алаңдарын ары қарай жаңғырту туралы жоспарларымен бөлісіп, Қазақстан хал­қының денсаулығын жақ­сарту үшін Денсаулық сақтау ми­нистрлігімен ынтымақтастық жүргізіліп жатқандығы жайлы сөз тарқатты. Бүгін біздің зауытымызда премьер-министрмен жеке жүздесіп, біздің жетісіктерімізді көрсетіп отырғаныма мен аса қуаныштымын».
SANTO компаниясы қолже­тімді, жоғары сапалы дәрі-дәр­мектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарық­тарына жеткізеді. Компания Қа­зақстанның фармацевтика на­рығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында тера­пияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фар­мацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 240-тан аса дәрі-дәрмек бар.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру