Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Желаяқтар жарысы

Алматыдағы «Almaty-Arena» көпфункционалды кешенінде дәстүрлі халықаралық Жазғы жүгіру жарысы өтті. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, kaspi.kz және академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ұйымдастырған жарысқа еліміздің 17 өңірімен қоса Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ұлыбритания сынды мемлекеттерден барлығы 1200 әуесқой спортшы қатысты.

Сайыста ересектер 8 шақы­рым­дық скандинавиялық жүріс пен 12 шақырым қашықтықты жүгіріп өтсе, балалар 3 шақырым қашықтықта бағын сынады. Балалар қашықтығында (3 км) ұлдар арасында Рамазан Айнеговжәне қыздар арасында Алина Клинюшина ең жүйрік атанды. Біріншілік үшін нағыз күрес негізгі 12 км қашықтық қатысушылары арасында өтті. Ерлер арасында Михаил Красилов чемпион атанды. Ол мәреге екінші болып келген Ержан Джанарстановтан 49 секундқа алға келді. Қыздар арасында Юлия Фернас мәреге бірінші болып жетті. Бірінші орын иегерлері 50 мың теңге көлемінде, екінші орын – 30 000, ал үшінші орын – 20 000 теңге алды.

Айжан Жасбатырқызы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру