Валюта бағамы: $ 383.43 432.47 6.12 ¥ 55.78

Қолма-қол ақшамен төлем азаяды

Карточкамен есеп айырыссақ, салыққа азырақ шығынданамыз

Соңғы бір жылда Қазақстанда, деп хабарлайды ranking.kz сайты, қолма-қол жасалмайтын төлем 2 еседен астам өскен. 2019 жылдың мамыр айының аяғына айналымда 25,1 млн банктік төлем карточкалары бар екен. Сөйтіп, бір жылда олардың саны 20,8%-ға артқан. Өткен жылдың осындай кезінде бұл көрсеткіш 20,8 млн бірлікке тең болған, ал жылдық өсім 24,9%-ды құрапты.

Нарықтың басым бөлігін әдетте дебеттік карточкалар толықтырады – 18,9 млн бірлік, үлесі 75,3% құрайды. Кредиттік карточкалар үлесі 20,8%-ды (5,2 млн бірлік) құрапты. Кредит лимитті дебеттік карточкалар және алдын-ала төленген карточкалардың жиынтық үлесіне 3,9% (966,9 мың бірлік) тиесілі.
Өз кезегінде карточка ұстаушы­лардың саны бір жылда 20,2%-ға артқан және 21,8 млн-ға жетіпті. Бұдан бір жыл бұрын елімізде 18,1 млн адам карточка иеленген, жылдық өсім 21,7% құраған екен (1-инфограмма).

Салықтық cashback

Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ақшасыз есеп айырысуларды ынталандыру – өз ведомствосы жұмысындағы басым бағыттардың бірі екенін айтты. Сондай-ақ басым бағыттар арасында салықтық базаны кеңейту және салық төлемдерін уақтылы өтеу үдерістерін оңайлату да бар. Сондықтан да, оның мәлімдеуінше, ақшасыз есеп айрысуды таңдаған азаматтарды ынталандыру мәселесі қарастырылуда. Сауда жүйелерінде картамен есеп айырысатындар, бәлкім, өздерінің салықтық әмияндарына мемлекеттен бонустар алатын болар. Сөйтіп, мұндай бонустарымен басқа да салықтарын төлейді, болмаса оларға тауар сатып ала алады.
Сонымен қатар ол бұл мәселенің оңай емес екенін және банктермен бірлескен қимылды талап ететінін жариялады. Сондықтан бұл ұсыныстар 2020 жылы талқыға түседі.
Ағымдағы жылдың бес айында ақшасыз төлем жасау көлемі 3,7 трлн теңгеге (бір жылда 2,1 еседен артық өсіммен) жеткен. Салыстырар болсақ: бір жыл бұрын осындай кезеңде бұл 1,7 трлн тг-ні құрап, бір жылда 2,2 есе артқан екен (2-инфограмма).

Аймақтар бойынша үздіктер

Барлық ақшасыз төлемдердің 68%-дан астамы Алматыда (2,6 трлн тг) жүзеге асқан. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіне (1,1 трлн теңге) қарағанда 2,3 есе көп. Әйтсе де бұл ішінара банктік процессингтің техникалық ерекшеліктерімен сараланады.
Басқа да аймақтардың ақшасыз төлемдерінің үлесі, Алматының шын мәніндегі қаржылық орталық мәртебесінен, әлдеқайда төмен.
Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы: 321,6 млрд тг (ҚР-дағы үлесі – 8,6%). Үздік үштікті Алматы облысы қорытындылайды – 186,9 млрд тг (еліміздегі ақшасыз төлемдердің жалпы көлемінің 5%-ы).
Қызылорда, СҚО және Жамбыл облыстарында ақшасыз төлемдер мейлінше тартымсыз екен. Олардың жиынтық үлесі бар-жоғы 1,7% құрапты (3-инфограмма).


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру