Валюта бағамы: $ 384.97 427.12 6.04 ¥ 54.75

Ақпараттық топ Алматы облысына жол тартты

Алматы қаласында Халықаралық «Жанашыр» қоры жанынан құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ақпараттық топ енді Алматы облысына сапарға шықты.

Алматы облысы Талғар аудандық Орталық кітапхана­сында өткен «Рухани жаңғыру» күні аудан тұрғындарына «Қа­зақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыбында мәдени-ағартушылық лекторийлер, «Буккроссинг», «Букдайтинг», «Таланттарды таныту»шаралары ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша жұмыс істейтін жергілікті «Аналар алқасы», «Ақсақалдар алқасы» және «Жастар кеңесі» құрылды.
Аға буын мен жас ұрпақтың үндесіп сабақтасуының үлгісіндей болған «Ұлы дала мұрасы – ұрпаққа аманат» атты басқосу барысында жазушы, этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің доценті, Салт-дәстүр академиясының профессоры Досымбек Қатран, Қа­зақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті, журналист Жаңыл Әпетовалардың тақырыптық мәдени-ағарту­шылық лекторийлерін, өнер зерттеушісі, жыршы-термеші Әбіш Әділбеков әсем әнмен жалғап, «Таланттарды таныту» шарасына ұласты.
Болашағынан мол үміт күтті­ре­тін дәстүрлі әнші Қостыбай Қажыби, қобызшылар Жадыра Нарманбетова, Гүлзира Шаяхметова, домбырашы Азамат Бекеновтер шараны әнмен әрлеп, күймен тербеді.
Буккроссинг шарасында аудан кітапханасының кітап қоры, шараға жиналғандармен қатар, жазушы-этнографтар Жұмабай Баяхмет, Болат Бопай және ақын Дәулетбек Байтұрсынұлының өз қолдарымен әкеліп тапсырған авторлық кітаптарымен толықты.
BookDating шарасы осы авторлық кітаптардың таныстырылымына ұласты.
«Рухани жаңғыру» күніне аудан тарапынан қатысқан Талғар ауданының мәслихат депутаты, ақын Әбдіғани Бәзілхан, Талғар аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Бегембаева Фарида Мамырбекқызы, Талғар қаласының Орталық кітапхана директоры Махамбет Қармысов,Талғар аудандық мәдениет үйінің директоры Берік Шағаев, «Қызылқайрат» ауылдық мәдениет үйінің директоры Кеңес Баймұханов, «Қазақ тілі» қоғамының әдіс­кері Гүлнар Мамырбаева, «Қо­ғамдық келісім» мекемесінің өкілі Жанна Сергеевна Третьяк өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.
Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын ауданның «Ақсақалдар алқасы», «Аналар алқасы» және «Жастар кеңесі» құрылып, ережесі бекітілді. Аталмыш ұйымдар басшылары мен Халықаралық «Жанашыр» қоры өзара іс-әрекет меморандумына қол қойды.
Шаралар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі жоба аясында өтті.

Айжан Жасбатырқызы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру