Валюта бағамы: $ 386.05 428.25 5.84 ¥ 54.65

АХҚО жыл ішіндегі жұмысын қорытындылады

Қазақстан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысын өткізді.

Отырысқа кеңес төрағасы – премьер-министр Асқар Мамин, қаржы министрі Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, сондай-ақ кеңес мүшелері: Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, JP Morgan Chase International директорлар кеңесінің төраға­сы Джейкоб Френкель, Ресей Сбербанкінің президенті және басқарма төрағасы Герман Греф, Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджар, «Яндекс» компаниялар тобының басшысы және негізін қалаушылардың бірі Аркадий Волож, Citigroup инвестициялық және корпора­тивтік банкінің үкімет­тер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысы Джули Монако қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кеңестің жаңа мү­шелеріне ризашылығын біл­діріп, шетелдік инвестор­лардың күш-жігері мен қолда­уының арқасында «Астана» халықаралық қаржы орта­лығының алдағы жұмы­сына негіз қаланғанын атап өтті. «Ресми түрде іске қо­сылғаннан бері бір жыл ішін­де халықаралық қаржы орталығы беделді қаржы орталықтарының жаһан­дық индексі бойынша 37 позицияға көтеріліп, 51-ші орынға ие болды. АХҚО табысты жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған, қажетті инфрақұрылым бар. Енді бізге нақты нәтижелерге қол жеткізу керек», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы әлемге танымал халықаралық қаржы орталығына айналып келе жатқанын атап өтті. «Әлемнің жетекші сәулетшілері елор­даның бірегей бейнесін жасады. Енді дүниежүзінің белгілі қаржыгерлері осы жерде табысты қаржы орталығын қа­лыптастыруға атсалысатын кез келді. Орталық қаржы секторын дамытумен қатар, экономикаға инвестициялар тартуы тиіс. АХҚО базасында келешегі зор жобаларды қаржыландыру жөніндегі негізгі мәміле­лер жасалуы қажет. Бұл жерде «Қазақтелеком», «Қазмұнайгаз», ҚТЖ, «Эйр Астана» сынды ұлттық компаниялардың IPO-сы өтеді», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Отырыс барысында АХҚО-ның жылдық есебі бойынша ресми таныстырылымы өтті.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру