Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңашылдығы

Алматыдағы «Rahat Palaсe Hotel» қонақ үйінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» атты I халықаралық форум өтті.

Форумды ашқан ректор Такир Балықбаев қазіргі жаңа технологиялар және жетістіктер заманында педагог жаңартылған жалпы орта білім беру стандартының әдіснамасы мен мазмұнын қа­былдауға, білім беру үрдісін бағ­дарламалық және әдістемелік қамтамасыз етуді өзгертуге, білім беру қызметінің мақсаттары мен әдістерін өзгертуге дайын болуы керек екендігін атап өтті. «Біз серіктестерімізбен, сондай-ақ бүкіл әлемдегі білім беру саласындағы инновацияларды дамытуға бағытталған халықаралық бірлестіктермен және қорлармен белсенді әрі перспективті ынтымақтастық орнатуға дайынбыз.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі ашық және білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің көзқарастарын ескеруі керек деп есептейміз. Ашықтық – оқу бағдарламасына бағынатын білім берудің тағы бір тенденциясы. Ұлттық педагогикалық қоғамдастық ретінде біз білім беру саясатын және ұлттық білім беру жүйесін дамытуға бағыт­талған жоғары сапалы технологиялар мен оқытудың жаңа әдістерін ұсынуға өз үлесімізді қосуға тырысамыз.
Бүгінде біздің басты трен­діміз – білімге екі тұрғыдан әсер ететін цифрлық революция – еңбек нарығы және ішкі қайта құрылымдау қажеттілігі», – деді ҚазҰПУ ректоры.
Форумда заманауи білім беру мәселелерін бірлесіп талқылауға әлемдік зерттеу орталықтарын тарту, Қазақстандағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытуға жәрдемдесу, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларымен және бірегей оқыту әдістемелерімен тәжіри­бе алмасу және танысу, кәсіби педагогикалық қарым-қаты­настың жаңа түрлерін дамыту тақырыптары талқыланды.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру