Валюта бағамы: $ 383.43 432.47 6.12 ¥ 55.78

Жемқорлық – қауіпті кесел

Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылдың 18 қарашасында №410-V Қазақстан Республикасының заңы қабылданған болатын.

Жемқорлық – бұл дүние­жүзінде кең таралған қо­ғамдық ауру болып саналады. Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, дамыған елдердің жемқорлыққа қарсы қолданған тәжірибесінің барлығын зерделеп, артық-кемін екшеп, өз қызметтерінде қолдануға тырысуда. Ең алдымен бұл кеселді жоюға ба­ғытталған заңымыз 1998 жылдан бері қолданылып келеді.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге арналған заңнамалық база құрылған. Мәселен, «Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі» ҚР Заңы мен өзге де әлеуметтік бағдарламаларды атап айтсақ та жеткілікті. Жемқорлыққа тыйым салатын кешенді бағдарламалар мен жобалар жүйелі жасалуда. Мысалы, Жазғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп жобасы құрылды. Бұл жоба құқықтық сауатылыққа, азаматтардың өз құқықтары мен жауапкершіліктерін білуіне мүмкіндік жасау болып табылады. Аталмыш жоба Қазақстанда бірнеше жылдан бері қолға алынып келеді. «Жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп» жобасы өз жұмысын 15 шілдеден бастап бір ай ішінде 3 республикалық (Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент) және де 14 облыстық қалада жүргізеді. Құқықтық сауат­тылық сабақтарын мықты­мамандардан құрылған халықаралық сарапшы-лекторлық тобы өткізеді. Жазғы мектеп жұмысына қоғам белсенділері, журналистер, компания заңгерлері және де сыбайлас жемқорлық тақырыбына бей-жай қара­майтын кез-келген азаматтар қатыса алады. Жазғы мектеп аясында халықаралық сарапшылар төрткешендік тақы­рыпта лекциялар оқиды. Мысалы, жемқорлық себептері, мемлекеттік сектор, жеке сектор және жемқорлықпен күресте азаматтардың араласуы. Сессия жұмысында тыңдаушыларға қазақстандық және халық­ара­лық тәжірибе арқылы, жемқор­лықпен күрестің күн­де­лікті тәжірибесі бойынша нақты көрсеткіштермен кеңестер беріледі. Жобаның жүзеге асуы мемлекеттік қыз­мет­керлердің, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүргендердің осы бағытта жан-жақты білім алу қажеттілігінен туындап отыр. Аталмыш жобаны «Transparency Kazakhstan» ұйымы бірлесіп жұмыс істеп, ПРООН және ОБСЕ қаржылай қолдау көрсетуде.
Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» стратегиясы мен 2010-2020 жылдар аралығын­дағы құқықтық саясат тұжы­рым­дамасында құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдіру көзделген болатын. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда 2014 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Қыл­мыстық, Қылмыстық атқару, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодексі қабыл­данды. Сонымен қатар, мемле­кеттік басқару саласы реформаланды.
Жемқорлық елдің экономикасын артқа тартып, бәсе­келестікке кері әсер етеді. Со­ның ішінде оқу орындарында, бала-бақшада, сондай-ақ, мемле­кеттік қызмет көрсету саласында кездесетін жемқорлық өте қауіпті. Сондықтан ел болып бәріміз қоғамдық кеселдің бұл түріне қарсы күрессек, мемлекетіміз өркендейтін болады.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру