Валюта бағамы: $ 383.43 432.47 6.12 ¥ 55.78

Қаламгерлер теннис ойнады

Нұр-Сұлтанда БАҚ өкілдері арасында теннистен BAQ Open жыл сайынғы турнирі өтті. Аталмыш жарысқа Қазақстанның бірнеше өңірінен 50-ден астам журналист қатысты.

«Kazzinc» ЖШС бас серіктесі ұйымдастырған турнирде қалам­герлер екі санатта Masters және Futures бақ сынады. Турнир қорытындысы әйелдер арасында Masters санатында Галина Выборнова («Экспресс К», Тараз) жеңімпаз атанды. Ол финалда Татьяна Ковалёваны (Zakon.kz, Нұр-Сұлтан) жеңді. Ал Айнагүл Елубаева («Капитал» баспа үйі, Нұр-Сұлтан) үшінші орыннан көрінді. Ал ерлер арасындағы Masters деңгейінде Әлімжан Сабырбаев (Hola News, Алматы) бірінші орынды еншіледі. Күміс жүлдеге Андрей Ударцев (ktf.kz, Алматы) ие болса, қолаға Александр Олейник (QAZSPORT, Нұр-Сұлтан) табан тіреді.
Әйелдер арасындағы Futures санатында Жанар Сердалина (Bestnews.kz, Нұр-Сұлтан) топжарды. Ирина Тетерина (365.info, Алматы) екінші орыннан көрінсе, Асыл Әбдіқадырова («Хабар», Нұр-Сұлтан) жүлделі үшінші орыннан табылды. Ерлер арасындағы Futures санатында (Эльдар Аманбаев, QAZSPORT, Нұр-Сұлтан) үздік атанды. Аслан Мыңбаев (ҚР президен­тінің телерадиокешені, Нұр-Сұлтан) – екінші, ал Нұрахмет Бектұрғанов («Хабар», Нұр-Сұлтан) тиісінше үшінші орыннан табылды.
Жарыс аяқталған соң БАҚ өкілдері мен ұйымдастырушылар «The Ritz-Carlton» Astana қонақ үйінің Өzen лобби-лаунджында жабылу рәсіміне жиналды. Барлық қатысушы Қазақстан теннис федерациясының дипломымен және серіктестердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Барлық жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлық табысталды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру