Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Арыс қалыпты жағдайға оралады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Арыс қаласындағы қазіргі ахуал және еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Арыс қаласында қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, сондай-ақ жарылыс салдарын жоюға атсалысып жатқан барлық құзырлы орган қызметкерлерінің және волонтерлердің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.
– Соңғы ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің саны 160-тан асты. Барша қазақ­стандықтар бірлігіміздің бекем екенін көрсетіп жатқа­нын атап өткім келеді. Еліміздің әр түкпірінен азаматтар алаң­даушылық білдіруде, түрлі ұйым­­дар мен кәсіпорындардың жұмыскерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірігіп жатыр. Бір өңірдің басына түскен қиыншылық – бәрімізге ортақ мәселе. Біз халқы­мыз­дың ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Барша қазақстандықтарға ризашылығымды білдіремін, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев өңір­де қалыпты жағдайды тезі­рек қалпына келтіру және тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсету үшін мемлекет тара­пынан барлық шаралар қолда­нылып жатқанын атап өтті.
Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша еліміз­дегі су ре­сурстарының және су шаруашылығы нысандарының жай-күйі талқыланды. Сондай-ақ, тұрғындар үшін таза ауыз судың қолжетімді болуына және суды үнемдеп пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Арыс қаласында жөндеу жұмыс­тарын жүргізу және азаматтар­дың тұрғылықты жеріне оралуын ұйым­дастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру