Валюта бағамы: $ 386.05 428.25 5.84 ¥ 54.65

Ұжымдық келісімшарт – басты құжат

Ерік НҰРАҚАЕВ,Солтүстік Қазақстан
облыстық аумақтық Кәсіподақ
орталығының төрағасы

Ұжымдық келісім-шарт еңбек заңнамаларының сақталуы мен жұмыскерлердің еңбек құқығын қамтамасыз ететін негізгі құжат. Бұл әлеуметтік мәселелердің шешілуіне жағдай жасайды және еңбек ұжымдарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ұжымдық келісімшарттарға қо­сымша келісімдер жасауға болады. Мәселен, кәсіподақ ұйымдары жұ­мыс­шы­лардың төмен еңбекақысын көтеру, көп балалы аналарға, күн кө­рісі төмен және толық емес отбасы­ларға, мүгедек балаларды бағып отырған әйелдерге, жұмыс істейтін аналарға қолдау көрсету бойын­ша нақты іс-шаралар жасалды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Бұл ретте «Молсервис» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «ПАМЖЗ» АҚ, «Мамбетов және К» КС, «Новомихайловское – 2003» және басқа да ұжымдарды үлгі етуге болады.
Кәсіподақтың жұмысындағы ең басты бағыт – еңбек даулары және жан­­жалдарының алдын алу және болдырмау жөнінде ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары. Бұл – «дөңгелек үстелдер», семинарлар, тренингтер, қоғам­дық қабылдаулар арқылы жүргізіледі. «Еңбек келісімшартын жаса­ңыздар!», «Еңбекті қорғаудың алдын алу мәдениетін бірге көтерейік», «Ұжымдық келісімшарт жасаңыздар!» атты республикалық акциялардың аясында да көп жұмыс атқарылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларында белгілеген мәсе­лелерді шешу барысында және қоғам­дағы кикілжіңді азайту, татуластыру рәсімдерін белсенді ілгерілету мақсатында Татуласу орталығы жұмыс істей бастады. Оның ашылуы Солтүстік Қазақстан облыстық соты мен Кәсіподақ орталығыың өзара ынтымақта еңбек ету туралы Меморандумға қол қоюымен тұспа-тұс болды. Татуласу орталығының жұмысы – даулардың сотқа дейінгі аралықта шешілуі, кикілжіңдерді, соның ішінде еңбек дауларын да реттеу бойынша халыққа жан-жақты кешенді қызмет көрсету. Сондай-ақ, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы келіспеушілікті реттеу, еңбек заңнамасын түсіндіру мақса­тында, «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ, «СҚ ЭТК» АҚ, «ПАМЖЗ» АҚ, Темір жолдың Петропавл бөлі­мінің кәсіподақтық комитет­тері­нің алаңдары пайдаланылады.
Татуластыру рәсімдерін бел­сенді ілгерілету үшін жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына Кәсіподақ орталығы мен сот кор­пусының ардагерлері, қоғам қайрат­керлері, кәсіптік медиаторлар кіреді. Олар еңбек ұжымдарында жиі кездесу өткізіп тұрады. Осындай іс-шаралар «ПАМЖЗ» АҚ, «Петропавл автовокзалы» ЖШС, «СҚЭТК» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Балапан» бала бақшасы» , Оңтүстік-Орал теміржолының Петропал НГЧВ – 4 бөлімінің «Ресей темір жолдары» ААҚ, «Қызылжар су» АҚ-да және басқа да ұжымдарда өткізілді.
Халықпен кездесулер Мамлют, Уәлиханов, Қызылжар, Есіл аудандарында, сондай-ақ ауылдық округтерде де ұйымдастырылды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін тұрақты қоғамдық бақылауды 735 өндірістік кеңестің құрамына кіретін 927 техникалық инспекторлар жүзеге асырады. Облыс аумағында «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы жұмыс істейді. 2019 жылы «Солтүстік Қазақстан облысында еңбек қауіпсіздігі және қорғау жылын» өткізу жөнінде Жол картасы қабылданды. Өткен жылда өндірістік кеңестің құрамына кіретін техникалық инспекторлар 4398 тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 11852 заң бұрмалаушылықты анықтады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды Жас­тар жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай Кәсіподақ орталығы жастар саясатын жүзеге асыру, жастар ұйымдарымен бірге кәсіподақ қозғалысын дамыту жөнінде өзара Меморандум жасады. Жастардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, белсенділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп отырмыз. Осы жылдың мамыр айында «Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл-шаруашылық колледжі» мекемесінде ауылдық еңбеккер жастардың «Жас келсе iске» атты Республикалық форумы өтті. Оның барысында ауылдық еңбеккер жастардың өзекті мәселелері талқыланды. Тәжірибе алмасу және жобаларды жүзеге асыру, ауылдық еңбеккер жастарды әлеуметтік қолдау бойынша нақты іс-шаралар жүзеге асты. Форумның тақырыптық секциялары ерекше қызығушылық туғызды. Біздің әлеуметтік серіктесіміз – СҚО Кәсіпкерлерінің палатасы болды,«Құзіреттілікті қалыптастыру – ауыл жастарының кәсіптік қа­лып­тасуының негізі» тақырыбы бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді. Форумға қатысушылар қаржылық емес қолдау, «Бастау бизнес», «Еңбек», кадрларға қажеттілік, WSK және тағы басқа мәселелер бойынша мол мағлұмат алды.
«Дипломмен – ауылға!» бағдар­ламасын жүзеге асырудың артық­шылықтары мен кемшіліктері қарас­тырылды. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, жастарды қорғау шаралары» мәселелері бойынша «Мәмбетов және компания» КС-інің директоры Е.Мәмбетов сөйледі. «Азия Тораңғұл» ЖШС, «Ақселеу» ЖШС, «Неженка – Ерке» ЖШС, «Гусаковка» ЖШС, «Московский» ЖШС, «Қос ағаш» ЖШС-інің және басқа да ұжымдардың келісімшарттарын жоғарылату қарастырылды. Онда жас мамандарды нақты қолдау қарастырылған. Олар үшін тұрғын үйлер, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен демалыс орталықтары салынуда. Кадрларды кәсіптік даярлауға және қайта оқытуға қаржы бөліне бастады. Жастардың қажетті мамандықтар бойынша білім алуымен бірге әрі қарай жұмысқа орналасуын да қадағалап отырмыз. Олардың оқу ақысын төлеу тәжірибеге енді. Басқа да көптеген жеңілдіктер кәсіподақтық ұйымдарымен жасалған ұжымдық келісімшарттарда қарастырылған.
Қазіргі уақытта кәсіподақ мү­шелерін әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстың жаңа түрлері енгізіліп жатыр. «SENIM» денсаулық сақ­тау қызметкерлерінің салалық кәсіподағында ауылдық жердің жас медицина мамандары үшін 500 мың теңге көлемінде нақты материалдық көмек беріле бастады. Біздің облыста осындай 4 сертификат берілді. Сонымен бірге, кәсіподақтар «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алу үшін бастапқы жарнаны төлейді. Бұл денсаулық сақтау саласының жас мамандарын тұрақтандыруға, соның ішінде ауылды жерде қызмет жасауға қолдау жасайды.
Облыстың Кәсіподақ орталығы еңбек нормалары мен әлеуметтік заңнамаларды түсіндірумен бірге құқықтық жаппай оқытуды жүргізіп келеді. Жұмысқа орналасу, еңбек қарым-қатынастарды реттеу, әле­меттік қамсыздандыру мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетеді.
Кәсіподақтың қатысуымен кәсіп­орындар бірнеше рет түрлі конкурс­тардың лауреаттары атанды . Оның ішінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Мам­лют ұн тарту комбинаты» ЖШС, «Азия Тораңғұл» ЖШС, «Белое Агро» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ, «Шағала-Агро» ЖШС және басқа да ұжымдар бар.
Кәсіподақ орталығы кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұған кәсіподақтардың қатысуымен өткізілетін «Мамандығы бойынша ең үздік», «Ең үздік жас маман», «Ең үздік тәлімгер» конкурстарын айтуға болады.
Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы әлеуметтік серіктестерімен бірлесе отырып, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қарым-қатынастарында тұрақ­тылықты қамтамасыз ету бағытында жан-жақты жұмыс жүргізуді жал­ғастыра береді.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру