Валюта бағамы: $ 383.43 432.47 6.12 ¥ 55.78

Жанға шипа – «Samal су»

Алматыда журналистер қауымына арналған «Keremet Su SKE» компаниясына қарасты «Samal су» зауыты бойынша баспасөз туры өткізілді. Шара аясында Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері зауыттың орталығына барып танысты.

Алдымен қаламгерлер зауыт­тың тұсаукесеріне қа­тысты. Тұсау­кесерде «Samal су» зауыты­ның жұмыстары жайлы кеңінен баяндалды. Онда жаңартылған өніммен таныстырылып, технологтың тәжірибесі көрсетілді. БАҚ құ­ралдарына күнделікті краннан алынып жүрген су мен «Samal» ауыз суы арнайы құрылғымен сапасы тексерілді. Сөйтсек, біздің ішіп жүрген суымыздың қап-қара болып сапасы төмен, нашар екені дәлелденсе, ал «Samal» ауыз суының түрі қалпында тұрғандығы, ешқандай дәмін өзгертпей, таза су екенімізге көзіміз жетті.
Бөтелкеленген суды жеткі­зушілерін таңдауындағы маңыз­ды факторы – өндірістің қол жетімділігі мен ашықтығы болып табылады. Суды өндіру ден құйылуға және дайын өнімді сақтауға дейінгі бүкіл өндіріс үдерісін байқаған журналистер қауымы жоғары бағасын берді. Сонымен қатар БАҚ өкілдері Samal сауда белгісімен артезиан суымен танысқыңыз келсе, Сізді 18,9 литрлік бөтелкедегі мен шағын форматтағы суды шығаратын зауытқа экскурсияны аралап көрді. Экскурсия барысында дайын өнімді әзірлеуден бастап дайын өнім алуға дейінгі зауыттың толық жұмыс циклын, сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі заманғы жабдықтарды көргенде сүйсіндік. Артезиан суын сүзу, бөтелкелерді санитарлық тазарту, автоматтандырылған жабдықтарында суды құю үде­рісі, бөтелкелерді фирмалық қалпақ­шаларымен тығындау және қаптау кезеңдерін бақы­лағанда мол әсер алдық. Сондай-ақ журналистер қауымы өзде­рінің толғандырып жүрген сұ­рақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Экскурсияның соңында қаламгерлер «Keremet Su SKE» компаниясына тиесілі «Samal» ауыз суының сапасының жоғары болуына байланысты оң бағасын беріп, өз пікірлерін ортаға салды.
2010 жылы құрылған «Keremet Su SKE» компаниясы бөтелкедегі суды өндіру, жеткізу және сату саласын­дағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Он жыл бойы бренд Қазақстан нарығында ғана емес, одан тыс жерлерде міңсіз беделге ие болды. «Worldfood» және «Interfood» қазақстандық конкурстары мен дәм татудан бірне­ше рет иегері атанды. Мәселен, Францияның астанасы Париж қаласында «Жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер» аталымында жеңімпаз атанды. «SEIN қауымдастығының алтын медалі» құрмет белгісімен марапатталды.
«Samal» деген сөз қазақ тілі­нен «бриз, салқын жел» деп ауда­рылған. Жаңа логотип визуалды жеңіл қабылданады және жарқын өмір салтын ұсынады. Ол белсенді ұстанымды таңдаған, спортқа және салауатты өмір салтына ерекше назар аудара отырып күнделікті жаңа және жарқын әсерлерге ашық адамдарға бағытталған.
Таяуда «Samal» суы өз сатып алушылары алдында жаңа бей­несінде пайда болды. Дизайн­дағы өзгерістер логотипі, фир­малық стиліне және брендінің www.swr.kz веб-сайтына әсер етті. Жаңа дизайн – жас және серпінді дамыған компания имиджіне сәйкес келетін брендтің ішкі компонентінің жеке қасиеті болып табылады.
Логотипте қолданылған қы­зыл түс өзіне және өз күшіне сенушілікті білдіреді. Таңдалған шрифт, ұстамды және минималды, өнімнің сатып алушылар алдында адалдығын білдіреді. Табиғи жеңілдік бейнесімен мақ­сатты аудиторияның өмірлік құнды­лықтарын біріктіре отырып, компания мен әзірлеуші тобы Брэнд атауындағы балғын­дықты тұтынушыларға ұсынып келеді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру