Валюта бағамы: $ 385.76 427.89 6.04 ¥ 54.79

Басты қасиет – Отанға деген адалдық

Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы
Қ.-Ж.Тоқаев V «Айбын» республика­лық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-патриоттық жиынға қатысушыларды құттықтап, өткізіліп отырған іс-шараның ерекше маңызын атап өтті. Сон­дай-ақ, бұл жиынның елі­міздің ең сенімді, жауапты, отаншыл әрі батыл жастарының басын қосып отырғанын айтты.
– Біз Тәуелсіз еліміздің лайықты жастарына зор үміт артамыз. Дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны Отанымыздың қорғаушысы болуға шақырылған жастар үшін бірегей алаң болып саналады, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті мем­лекет тарапынан жастарды қолдауға және олардың әлеуеттерін жүзеге асыруына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, жастар – дамудың символы және жарқын болашаққа деген үміттің орындалуы екеніне назар аударды. Сондықтан, Елбасының 2019 жыл­ды «Жастар жылы» деп ата­ғаны кездейсоқ емес екенін айтты.
– Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді. Осыған орай, «Жас сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдердің әскери-патри­оттық қозғалысы құрылды. Барлық өңірде бұл ұйымның бөлімшелері жасақталып, жұмыс істеп жатыр. «Жас сарбаздың» әскери-патриоттық клубтары мен сыныптарының саны 6 мыңға жетіп, 174 мыңнан астам баланы қамтыды, – деді ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2050 жылдың «Жас сарбаз» қозғалысына қатысушыларға арналған «уақыт капсуласын» қалауға қатысты.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру