Валюта бағамы: $ 383.43 432.47 6.12 ¥ 55.78

Бақылау нәтижесі не көрсетті?

БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өзге екі департаментпен қосылып, қайта құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында сөз болды.

Брифингте Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақы­лау депар­таментінің басшысы Ринат Құбатаев биылғы бес айда өңір­де сан­эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанын айтты.18 жұқ­палы ауру бойынша, оның ішін­де ротавирустық энтерит 4,7 есеге, анықталмаған жіті ішек инфекциялары 2,5 есеге төмен­деген, скарлатина 6 оқиғаға, жіті вирустық гепатиттер 7 оқиғаға, ЖРВИ, тұмау 21,2 есеге, энтеробиоз 25,1%, дерматомикозбен 6 оқиғаға төмендеген.
Ұлттық сараптама орталы­ғы­ның облыстық филиалы есепті мер­­зім ішінде сауда нысандарынан сараптама жүргізуге 1564 өнім үлгісін сатып алған. Оның 1094 сынамасы (70 %-ы) – тамақ өнімі, 470 сына­масы (30%-ы) – өнеркәсіптік тауар.
– Сараптама нәтижесінде өнім үлгілерінің ішінен 294 сынама немесе 19%-ы Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Зерттеуге алын­ған 1094 азық-түлік өнімінің үлгілерінен 130-ы (12%-ы) талапқа сәйкес болмай шықты.Азық-түлік өнімдері үлгілерінің басым көпшілігінде, яғни 79,2%-ы (103 сынама) негізінен таңбалау талаптары бұзылған.Микро­биологиялық көрсеткіштер бойынша 10,7%-ында (14 сынамада) сәйкессіздіктер анықталды. Санитарлық-гигиеналық талап­тарға сәйкес келмейтін өнімдер аудан орталықтарынан да, Орал қаласында да табылды. 52,5 келі өнім сөреден алынып, жойылды. Сатушылар мен өнімді өткі­зу­шілерге 404 000 теңгеге бес әкім­шілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы 72 ұйғарым берілді, – деді брифингте аталмыш департамент басшысы Ринат Құбатаев.
Департамент басшысы ұсын­ған мәліметке сүйенсек, Орал қала­сындағы «Антипов» ЖК-ның «Алтын» дүкенінен «Турбаслинский бройлер Филе», «Старкова М.А.» ЖК-ның «Лилия» дүкенінен «Пельмени народные замороженные», «Силантьева О. А.» ЖК-ның «Гас­троном» дүкенінен «Тушка цыпленка бройлера 1 сорт», «Идеал Маркет» ЖШС-ның «Лидер» дүкеніне «Колбаса полукопченая «Краковская» және Тасқала ауданындағы «Мүсенов А. Т.» ЖК-ның «Айгүл» дүкенінен «Пельмени говяжьи» өнімдерінен микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталды.
–Маусымның 3-інде қалалық көпбейінді балалар ауруханасына ауыр халде түскен 10 айлық бала 10 маусымда қайтыс болды. Облыста менингококк жұқпасы­ның екі жағдайы тіркелді. 20 жастағы және 9 айлық науқас­тарда менингококкты инфекция­ның генерализацияланған түрі тіркелген. Бірінші жағдайда нау­қас­тың диагнозы зертханалық түрде расталып, С тобының менингококк қоздырғышы анықталды. Екінші жағдайда диагноз клини­калық деректер негізінде расталды. Ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілді. Барлық бактериологиялық зерттеу менингококкты инфекцияны жоққа шығарды, екі науқас та дін аман. Менингит түрліше болады. Мысалға, қайтыс болған 10 айлық сәби іріңді менингитпен ауырған, ол менингококты инфекцияға жатпайды, – деді брифинге БҚО тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депар­таментінің бөлім басшысы Валентина Кенжеғалиева.
Маманның айтуынша, қазір­гідей жаздың ыстық күндері суға шомылғанда, саяжайға барғанда сероздық жұқпалы менингиттен сақтанып жүрген абзал. Өйтке­ні жуылмаған жеміс-жидекті, кө­кө­­­ністі жеу және суға шомылу кезінде сероз­дық менингитті жұқтыру қаупі күшті. Сондықтан департамент басшылығы ата-аналар менингитпен сырқаттанудың маусымдық көтерілуіне орай ұл-қыздың денсаулығына мұқият қарауды сұрады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру