Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Денсаулық – зор байлық

Алматы қаласындағы «Риксос» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылға арналған ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы кардиологтарының XI конгресі өтті.

Форум жұмысына алыс және таяу шетелдің (Италия, Голландия, Израиль, Ресей, Беларусь, Украина және т.б.) жетекші ғалымдары, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, бас мамандар, қанайналым жүйесі аурулары және медициналық білім беру жөніндегі үйлестірушілер, кардиологтар мен терапевтер қатысты. Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «Ұлттық медициналық университет» ҒАҚ, Қазақстан Республикасы Кардиологтар қауымдастығы ұйымдастырған шараның ашылу салтанатында «Ұлттық медициналық университет» ҒАҚ ректоры Т.Нұрғожин, ҚР Кардиологтар қауымдастығы президенті С.Беркінбаев сөз сөйледі.
Конгресте Артериялық гипертония және кардио­васкулярлық профилактика жөніндегі мамандар қо­ғамымен, Қазақстан аритмологтар қоғамымен, Жібек жолы елдері Жүрек ырғағы қоғамымен бірлескен сессиялар, сателлиттік симпозиумдар, Жүрек-қан ай­налымындағы созылмалы аурулар жөніндегі сарапшылар өз ойларын ортаға салды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және денсаулық сақ­тау басқармасы өкілдерінің, Конгрестің ашылуынан кейінгі пленарлық мәжілісте Еуропа мен Азияның кардиология және кардиохирургия саласын­дағы жетекші мамандары – меди­цина ғылымдарының докторы, профессорлар Ю.В. Пя, И.Фомин, Н.Козиолова, Питер Ланс­берг баяндама жасады. Сондай-ақ, шара аясында Еуро­па кардиологтары қоғамымен және Жүрек қызметінің же­тіспеушілігі жөніндегі Еуропа қауымдастығымен бірлескен сессия өтті, оған Вера Регитс Загрочек, Лопатин Юрий Михайлович, Марио Марзилли қатысты. Кардиологияның негізгі бағыттары бойынша секциялық ғылыми мәжілістер мен шеберлік сабақтары өткі­зіл­­ді.
Кардиологиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері, кү­ретамыр гипертониясын диагностикалау, емдеу және алдын алуға арналған жаңа тәсіл­демелер, интервенциялық кардиологиялар саласындағы инновациялар, кардиологиядағы хирургиялық емдеу әдістері, атап айтқанда, Қазақстандағы жүрек трансплантациясы, кар­дио­логиядағы коморбидтілік мәселелері, жүрек-қантамыр ауруларын алдын алу мәселелері талқыланды. Форум соңында денсаулық сақтау саласындағы басты мәселелерге арналған және еліміздегі кардиологиялық қызметті жетілдіру жолдарын белгілейтін қарар қабылданды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру