Валюта бағамы: $ 383.43 432.47 6.12 ¥ 55.78

Қоғаммен байланыста бол

XV PR-Форумы

Алматыдағы «Интерконтиненталь Алматы» қонақ үйінде халықаралық XV мерейтойлық PR-Форумы өтті. Осымен он бесінші рет өткізілген отандық PR-саланың осынау ірі оқиғасы аясында екі күн қатарынан Қазақстандағы және әлемдегі коммуникациялық индустрия трендтері, мәселелері мен міндеттері ортаға салынды.

Chevron корпорациясы, рес­ми әуетасымалдаушы Air Astana компаниясы, ақпараттық серіктес­тер – «Курсив» басылымы, Atameken Business Channel, inbusiness.kz порталдары, Қазақстан Баспасөз клубы биылғы PR-Форумға қолдау көрсетті. Іс-шара «PR-шы» қазақстандық PR кәсіпқойларының бейресми клубы, PG Communications Қазақстан Республикасы Қоғам­мен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығы және ICCO (In­ter­national Communication Consultancy Organization) қол­дауымен ұйымдастырылды.
Форумның шымылдығы кор­поративтік БАҚ арасындағы «Ең үздік корпоративтік басылым – 2019» 12-ші Орталық Азия байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатымен ашылды. Аталмыш байқау PR күндері аясында өткізіліп, PR-Форумның ажырамас бір бөлігіне айналып кетті. Биыл байқауға 17 компания атынан 19 жұмыс келіп түсті.
Мерейтойлы PR-Форум-2019 коммуникациялар индустрия­сындағы дағдарысқа қарсы жауап беру, блог саласы, инте­грацияланған коммуникациялар, digital-трендтер, өткен жылдың ең қызықты кейстері сынды өзекті тақырыптарға ар­налмақ. Форумның екі күні ше­берлік сабақтарына, панельдік пікірталастарға және тренинг-секцияларына толы болды.«Біз сүйікті Алматы қаламызда әріп­тестерімізбен және достарымызбен қауышуға қуаныштымыз. Біздің жыл сайынғы кәсіби конференциямыз Қазақстанда ғана емес, жалпы бүкіл өңірдегі коммуникация саласының басты оқиғасына айналды десек артық айтпаспыз. Бізді қызу пікірталастар, достық қарым-қатынас және пікірталастар күтуде. Осы жылдар ішінде Форум кәсіби мамандардың ортасы ғана емес, отандық маман­дарға өз білімдерімен бөлісіп, нарықтағы жаһандық беталыстар жайлы ақпарат алуға, баға жетпес тәжірибе алуға, кәсібіміздің беделін көтеруге мүмкіндік беріп, отандық коммуникация индустриясының дамуына үлес қосатын өз алдына бөлек бір мектепке айналды», – деп атап өтті «PR-шы» клубының мүшесі, Қазақстан Баспасөз клубы/ PG Communications комму­ни­кациялық тобының президенті Әсел Қарауылова.

Салтанат Қажыкен


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру