Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Қаламгерлер үстел теннисін ойнады

Алматыда «Túrkistan» халықаралық газетінің 25 жылдығына орай журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында БАҚ қызметкерлері арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Үстел теннис федерациясы мен жеке кәсіпкерлер демеуші болған турнирге отызға жуық БАҚ өкілдері қатысты. Турнирдің нәтижесінде Жезқазған қала­сындағы «Сарыарқа» аймақтық газетінің фототілшісі Ғалия Әбдіғаппарова бірінші орынды иеленді. «Талдықорған» газе­тінің бас редакторы Данияр Сейсенбаев екінші орынды еншіледі. Сонымен қатар Жетісу өңірінен шығатын «Огни Алатау» басылымының тілшісі Асхат Алтынбеков үшінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ әйелдер арасында үшінші орыннан көріне білген «Қазақ газеттерінің» тілшісі Есенкүл Кәпқызы да жүлделі орыннан көрінді. Бұдан басқа Ақниет Оспанбай, Жандос Айтбайұлы, Есенқұл Тоқтағұл сынды қаламгерлер арнайы жүл­демен марапатталды.
«Қатысушылар жарысқа белсенді түрде қатысты. Әр ойын өте қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Спортшыларымыз жарады. Барлығы да бірінші орынға ие болғысы келеді,әрине. Бірақ жеңімпаз болатын тек бір ғана адам», – деді ұйымдастырушылар.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру