Валюта бағамы: $ 386.05 428.25 5.84 ¥ 54.65

Медициналық мекемелер салынады

Шетелдік компаниялар Түркістан және Петропавл қалаларында медициналық мекемелер салады.

Премьер-министр А.Маминнің қатысуымен Тұңғыш Президент – Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын іске асыру және Мемлекет басшысының қазақстандықтардың ден­саулығын сақтау мәсе­лелері жөніндегі тапсырмаларын орындау ая­сында мемлекеттік-жеке­шелік әріптестік тетігі бойынша жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу туралы келісімге қол қойылды.
Петропавл қаласында консультативтік-диаг­ностикалық орталығы бар 500 төсек-орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысының жобасы туралы құжатқа Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақалов пен «YDA Holding» түрік ком­па­ниясының басқарма төрағасы А.Хусейн қол қойды. Аурухана кешені 7 көпбейінді, тозған және бөлек-бөлек нысандардың орнына салынатын болады.
Тағы бір көпбейінді аурухана Түркістан қала­сында салынады. Түр­кіс­тан облысының әкімі Ө.Шөкеев, «BI-Holding» компаниясы консорциумы бақылаушы кеңесінің төрағасы А. Рахымбаев және «YDA Holding» түрік компаниясының басқарма төрағасы А. Хусейн 610 төсек-орындық көпбейінді облыстық медициналық орталық құрылысының жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды.
Құрылысқа, екі меди­циналық нысанды жаб­дықтауға тартылатын ин­вестициялардың жалпы көлемі 50 млрд теңгеге жуық соманы құрайды. Айта кетейік, бұл жобалар денсаулық сақтау инфра­құрылымдарын дамы­тудың өңірлік перспективалы жоспарлары аясында іске асырылады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру