Валюта бағамы: $ 378.65 430.07 6 ¥ 55.1

Өңірлік құндылықтар тізбегі

Жуырда өткен Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кеден шекаралары арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасу жөніндегі келісімге қол қойылды.

Құжатқа ЕАЭО елдері мен КХР елдерінің премьер-министрлерінің орынбасарлары, ал ЕЭК атынан ЕЭК Алқасының төрағасы қол қойды. Қазақстан атынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов қатысты.
Келісімнің мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын халық­ара­лық тасымалдаудың көлік құралдары мен тауарлар туралы ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықты ұйым­дастыру.
«Еуразиялық экономи­калық одақ, Болашақ стратегиясы» сессиясында сөз сөйлеген Ә.Смайылов ЕАЭО елдерінде ынты­мақтастыққа, өңірлік құн­дылық тізбектерін құруға көп көңіл бөлінуі керектігін айтты. Мысалы, өнеркәсіп, АӨК, көлік және басқа да салаларда кең ауқымды кооперациялық жобалар іске асырылуы мүмкін. Ә. Смайылов «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, қосалқы мердігерлік және технологияларды беру желісі» жобасын іске қосу туралы жариялады, ол кооперативтік байланыстар арқылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарын өндіріс тізбектеріне тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары әзірленіп жатқанын айтты.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру