Валюта бағамы: $ 389.59 429.06 6.05 ¥ 55.07

Ауыл шаруашылығына қандай өзгерістер керек?

«Планетамыздағы адамдар саны 2050 жылы 10 миллиардқа жетеді. Мұнша адамды тамақтандыру үшін рекордты мөлшерде азық-түлік өндіруге туралы келеді. Сол себепті ауылшаруашылық саласын өзгерту керек», деп жазады ВВС басылымы.

«Біріншіден, робот-фер­мерлерді құрастырған жөн. Бұл фермерлерге тракторда жүріп қара жұмыс істемей, басқа жұмыстарға көңіл бөлуге септігін тигізеді. Small Robot Company фермерлерге арналған Том, Дик, Гарри атты роботтарды құрастырған болатын. Бұлар түзде жұмыс істеп, өсімдіктерді сараптап, қажетті мөлшерде су құя алады», деп жазады автор. Екіншіден, трактормен істелетін жұмысты роботтарға тапсыру керектігі айтылады. Трактор ауыр болғандықтан, топырақты таптайды. То­пырақ тығыздалып, ауа мен суды ұстап тұру көрсеткішін азайтады. Ал трактордың орнына жеңіл роботтарды пайдалану осы проблемаларды шешуге көмектесе алады. «Үшіншіден, қалдықтар­ды қайта өңдеу керек. БҰҰ мәліметтеріне сенсек, өнді­рілген азық түліктердің үш­тен бір бөлігі қоқысқа тасталады. Ауылшаруашылық өнімдері экспорты бойынша бірінші орында тұрған АҚШ пен екінші орындағы Нидерландқа қарап-ақ қал­дықтардың үлкен проблема екенін көруге болады. Нидерланд 2030 жылға қарай Еуропадағы алғашқы болып қалдық санын екі есе азайтуға бекініп отыр», деп жазады автор. Оның пайымынша, 2050 жылы 10 миллиард адамды тек ауыл шаруашылығы мен тамақ өндірісі салалары тұрақты болса ғана азық-түлікпен толық қамтуға болады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру