Валюта бағамы: $ 378.65 430.07 6 ¥ 55.1

Доллар бағамының рекордтық көрсеткіші

Өткен бейсенбіде, әдеттегідей түстен кейін, Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің күндізгі сауда сессиясын аяқтағанын жария етті. Тек оның қорытындысы әдеттегіден тыс болатын. Соның нәтижесінде 6-шы маусымдағы екі (таңғы және күндізгі) сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 384,53 теңгені құрады.

Әдеттегіден тыс болуының себебі де осында еді – бұл ұлттық валю­та­мыздың пайда бол­ға­ны­нан бергі бүкіл тари­хындағы антирекорд. Бейсен­бідегі сауда ауқымы 312 млн долларды құрады – соның ал­дын­дағы күнге қарағанда тағы 108 млн-ға артық соманы құрады.
Сөйтіп, бір тәулікте доллар 0,33 теңгеге қымбаттады. Айта кету керек, 384 теңге деңгейіндегі бағам саудалардың үлкен көлемде өрбуімен ерекшеленіп, аптаның басынан сол деңгейде сақталды.
Еліміздің айырбас пункт­терінде доллар 384,5–385,5 теңге аралығында сатып алынса, 386 – 387 теңгеге сатылды.
Доллар бағамының іс жүзінде 385 теңгеге дейін өсіп кетуіне таңқа­ларлықтай ештеңе жоқ, дейді сарапшылар. Оның құны 375–380 теңге дәлізі аумағында құбылып, тек ара-кідік қана шектен шығып жатады. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша мамыр айында орташа бағам 379,98 теңгені құраған. Яғни, рекордтық көрсеткішке жетуі үшін, долларға 1,1%-ға бекуі-ақ жеткілікті бопты.
Ұлттық банкте теңгенің рекордтық белгіге дейін әлсіреуіне де байсалды қарайды.
3 маусымда реттеуші-басқарушы Ерболат Досаев бағамның құралуына маусымдық құбылу, шикізаттың құны, рубльдің белгіленімі және де басқа факторлар әсерін тигізетінін еске салған болатын.
«Ағымдағы жылдың мамыр айын­дағы мұнай бағасы сияқты фак­тордың әсерін ажыратып айтар болсақ, ұлттық валютаның әлсіреуі 0,4%-ды құрады (381,08-ден 382,56 теңгеге дейін). 27 мамырдан 3 маусым аралығындағы кезеңде – 1,2%-ға (бір долларға 379,86-дан 383,94 тенгеге дейін) әлсіреді», – деп түсіндіреді Ұлт­тық банк басшысы.

Не болып жатыр өзі?

Теңге әлсіреуінің басты себебі – мұнайға бағаның төмендеуі. Оның Brent маркасының құл­дырауы бір жарым аптаға созылып, осы уақыттағы құны 60 доллардан сәл ғана жоғары деңгейге шейін төмендеді. Ал, ол сәуір айының соңына дейін бір барреліне 75 долар деңгейінде саудаланған болатын. Әйтсе де, бағамның құралуына басқа да факторлар ықпал етеді.
Біріншіден, сыртқы саяси оқи­ғалар: доллар әлемнің барлық не­гізгі валюталарына қатысты ныға­юын жалғастыра береді.

Ұлттық банк «Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 24 мамырдан 31 мамыр аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар Д.Трамптың заңсыз көші-қонға қарсы күрес мақсатында АҚШ-қа Мексикадан әкелінетін тауарларға 5% мөлшерде баж жариялауы, Үндістанды АҚШ-қа баж төлемей тауарлар әкелуге мүм­кіндік беретін мәртебеден айыру, Пекиннің өнеркәсіпте және әскери жабдықтар өндірісінде қолданылатын сирек кездесетін металдарды АҚШ-қа әкелуге шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы хабарларға байланысты АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-саттық тайталастың күшеюі, АҚШ ІЖӨ-нің 1-тоқсанда +3,1% (3,2% алдын алғы деректермен салыстырғанда) өсуін соңғы бағалауын жариялау болды», – деп себептерді атап берді.

Халық бағамның құлдырауына сенбейді

Тағы бір маңызды фактор – құнсызданудың күтілуі. Мамырдың соңында реттеуші халықтың инфляция болуын күтуіне кезекті сұрау салудың нәиижелерін жариялады. Сұрау салудың өзі сәуірде орын алған, яғни, доллар бағамы мен мұнай бағасы айтарлықтай тұрақты болған кезде. Соның өзінде, президенттік сайлауды өткізгеннен кейін болуы мүмкін құнсыздану болжамының, үрейлі көңіл-күйі аңғарылған болатын.
Әрбір үш респонденттің екеуі, доллардың теңгеге бағамы өседі деп есептеген. Қатарынан 9 айдан бері сұрау салынғандардың орта есеппен 66,5%-ы осындай жауап берген. Оптимистер қатары азайып барады: сәуірде теңге нығаятынын күтеміз деп, сұрау салынғандардың 3,9%-ы ғана мәлімдеген. Бұл сұрау салу жүргізілген бүкіл уақыт (2016 жылдың қаңтарынан бастап) бойындағы минимум. Сонымен, доллардың арзандайтынына, 25 қазақстандықтың тек 1-уі ғана сенеді екен (Инфографика).


Екінші жағынан, қазақстандық­тар жинақтаған қорланымдарын аме­рикалық валютаға аударуға да асық­пайтын көрінеді. Қолма-қол түріндегі қорланымдары бар, респон­денттердің 22,1%-ы ғана, ақшаларын долларды сақтайды екен. Бұл сұрау жүргізудің барлық уақытындағы ең төменгі көр­сеткіш­тердің бірі. Теңгенің үлесі, керісінше, 84,8%-ға дейін өсіпті – бұл ең үлкен көрсеткіштердің қатарынан саналады.
Сонымен, қарама-қайшы жайт көрініс береді: қазақстандықтар барған сайын теңгенің нығаятынына сенімін жоғалтқан, сөйте тұра, оның есесіне таңдауларын шетелдік валюта пайдасына бөлуге де асыға қоймайды екен.
Мұны тек сұрау салу ғана емес, ресми мәліметтер де айқындай түседі: айырбас пункттеріндегі нетто-сату көлемдері мен банк секторын долларсыздандыру көрсеткіштері осының айғағы.

Валюта басқыншылығы  жүзеге аса ма?

Айтпақшы, нарықтың кәсіби қатысушылары да теңгенің нығаюына сене қоймайтын тәрізді. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, сұрақтарының бірі – 12 айдан кейінгі доллар бағамы бойынша болжам туралы – тұрақты түрде сұрау жүргізіп келеді.
Мамыр айының бірінші жартысында, америкалық валюта 380 теңгеден төмен болған кезде, орташа болжам 390,3 теңгені құрады.
Айта кету керек, Ұлттық банк бағам құруға араласуға әзір. Досаев айтарлықтай құбылмалылық туындағанда басқарушының жағдайды қалыптастыру үшін қажетті шаралар қабылдауға даяр екенін атап айтты. Басқыншылықтар бойынша нетто-мәміллердің ресми көлемі 2018 жылдың қыркүйегінен бері нөлге тең. Қағаз жүзінде бұл, араласу болмағанын аңғартады. Алайда, жоқ дегенде бір рет – Нұрсұлтан Назарбаев орнынан кететінін жариялағанда басқыншылық болды.
«Егер түңғыш президент – Ел­басының 19 наурыздағы мәлім­де­месінен кейінгі жағдай туралы айтар болсақ, 20 наурызда нарыққа айтарлықтай қысым болды. Нарыққа біз араластық. 20 наурыздағы қаты­суымыздың сомасы $304 миллион болды», – деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша, басқыншылық алтын-валюталық резерв есебінен жүзеге асқан, бірақ наурыздың аяғына дейін теңгерім қалпына келтірілген.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру