Валюта бағамы: $ 378.65 430.07 6 ¥ 55.1

Кинотуынды көрерменге жол тартты

Алматы қаласындағы Республика сарайында Қазақстан мен Қытай — екі елдің бірлесіп түсірген жобасы «Композитор» көркем фильмінің салтанатты тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер алдында фильмнің шығармашылық тобымен бірге баспасөз отырысы өтті. Кинотуынды «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Қытайдың «Shinework Pictures» ком­па­ниясының бірлескен жобасы. Режиссерлары: Сәбит Құрманбеков пен Шерзат Якуб. Сценарий авторлары: Чжан Суйсуй, Ғайша Табарак, Зәуреш Ерғалиева. Сянь Синхай рөлін қытайлық актер Ху Цзунь сомдаса, Бақытжан Байқадамовтың рөлінде Берік Айтжанов ойнады.Сонымен қатар, Юань Цюань, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербектер басты рөлдерден көрінді.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру