Валюта бағамы: $ 389.59 429.06 6.05 ¥ 55.07

«Болашақ» бағдарламасы – қазынашылық тәжірибеде

Мемлекеттік мекемелерге, квазимемлекеттік сектор нысандарына қазынашылық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі және ҚР Қаржы министрлігі және бюджетті орындау жөніндегі орталық өкілетті органдар шығарған басқа да нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазына­шы­лық комитетіне қарасты Алматы қаласы бойынша Қазына­шылық департаменті туралы ережеге сәйкес, департамент комитеттің аумақтық органы саналады. Департаментте мемлекеттік мекемелерге, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету, ереже талаптарына сәйкес, заңгерлік қызмет бөліміне құқық белгілеуші және басқа құжаттарды ұсынудан басталады. Сол себепті, бұл бөлім қазынашылық қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Заңгерлік қызмет бөлімінде жоғары білікті мамандар жұмыс істейді және өздеріне қойылатын талаптарды орындауға асқан жауапкершілікпен қарайды. Осындай білікті маманның бірі – Сәуле Асқарқызы Мереке. Ол «Болашақ» бағдарламасының түлегі, біздің департаментте 2016 жылдан бері қызмет атқарады. Сәуле АҚШ-тағы Оңтүстік Калифорния университетінде оқып, Халықаралық саясат және басқару магистрі дәрежесін алған. Ол өзінің шетелде алған білімдерін қазіргі жұмысында сәтті пайдаланып жүр. Сәуленің бастамасымен мемлекеттік мекемелердегі, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі қаржы қызметкерлерінің клиенттерге арналған нұсқаулықтары әзірленді. Бұл өз кезгінде осы мекемелердегі ауызша және телефонмен кеңес сұрайтын хабар­ламалардың санын азайтуға ықпал етті. С.Мереке қазы­на­шылық қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге (НҚА) енгізі­л­ген өзгертулер мен толық­­тыруларға тұрақты түрде талдау жүргізіп отырады. Бұл жұмыс НҚА-ға өзгерту­лер мен толықтырулар енгізу ұсыныс­тарына мониторинг жүргізуді, департаменттің құры­лым­дық бөлімшелері бойынша мәліметтерді статистикалық өңдеуді және тиісті есептер даярлауды білдіреді.
Сондай-ақ, өзінің қызметтік міндеттерін орындаумен қатар, С.Мереке департаментің қоғам­дық өміріне, басқа да мем­ле­кеттік мекемелер мен ұйымдар өткізетін іс-шараларға белсенді араласады. Айталық, өткен жыл­дың қыркүйегінде Сәуле Алматы қаласындағы мемлекет­тік қыз­меткерлер арасындағы және «Қазақстан бүгін және болашақта» атты қаладағы ЖОО студенттерінің дебаттық ойын­дарына қатысты. Дебаттық ойын­дарға қатысушылар «Меритокра­тия қағидасы – мемлекеттік қызметті дамытудағы жаңа кезең», «Флешмобтар және акция­лар жемқорлықпен күрес­тің құралы ретінде», «Сыбайлас жем­қор­лықпен күрес: пара алушылардың қылмыстық жауаптылығын күшейту» деген тақырыптар бойынша үш тур бойы пікір таластырып, өз тұжырымдарын қорғады. Дебаттардың қорытындысы бойынша Сәуле Мерекенің командасы құрамындағы студенттермен бірге үшінші орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
Жуырда Сәуле «Нархоз уни­вер­ситетінің» шақыруы­мен «Қа­зынашылық жүйесінің бюд­жет­тің атқарылуындағы рөлі» та­қырыбында қазақ бөлімшесінің 3- курс студенттері алдында дәріс оқыды. С.Мереке Қазақстан Республикасы Президенті жанын­дағы Мемлекеттік басқару ака­демиясының Алматы қаласы бойынша филиалының лекторы болып табылады. Еліміздің дамуына лайықты үлесін қосып жүрген Сәуленің алар асуы алда деп білеміз.

Т.АДАМБЕКОВ,
Алматы қаласы
бойынша Қазынашылық
департаментінің бөлім басшысы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру