Валюта бағамы: $ 378.65 430.07 6 ¥ 55.1

Қытай тауарларының көрмесі

Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде Қытай тауарларының 17-ші көрмесі өтті. Шараның ашылу рәсімінде қос елдің мемлекеттік құрылымдағы өкілдері конференция өткізді.

Конференцияда Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің сауда-экономикалық қарым-қатынастары, алдағы уақытта орнататын байланыстар мен жобалар жайында талқыланды. Басқосуда Қытай Халық Респуб­ликасының Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй басты баяндаманы жасады. Чжан Вэй екі ел қарым-қатынасының бүгінгі жетістіктеріне тоқталды.
«Атакент» көрме кешенінде Қытай Халық Республикасының Ганьсу, Чжэцзян, Шаньси, Анхуэй, Нинься, СУАР және тағы да басқа көптеген провинциялардың 300-ге жуық компаниялары өз өнімдерін көрерменге ұсынды. Дәстүрлі көрмеге айналған бұл шара отандық кәсіпкерлерге тауарлардың сапасын, тұрақты баға мен ҚХР-ның жаңа технологияны жасаудағы жетістіктерімен танысуға мол үлесін қосатыны сөзсіз. Көрмеге қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді, мұнда орталық және оңтүстік-шығыс қытай компаниялары да қатысуда. Жалпы экспорттан басқа, ҚХР өкілдері қазақстандық азық-түлік өнімдері мен киізіне қызы­ғушылық танытты.
ҚХР-дың құрылғанына биыл 70 жыл толады. Қазақстан­мен дипломатиялық қатынас орнағанына 27 жыл толып отыр. Ширек ғасырдан астанм уақытта екі елдің арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп келеді деп айта аламыз. Нақтырақ айтқанда, инфра­құрылым, индустрия, жаңа технология саласында, сонымен қатар, мәдениет саласындағы ынтымақтастық та жаңа деңгейге шығып келеді. Екі ел арасына дәнекер болатын мәдени қарым-қатынаспен қоса, ақпараттық байланыстар да көбейіп келеді.
Қазақстандағы Қытай та­уар­­ларының көрмесі Қытай мен Қазақстан арасындағы әре­кеттестікті сауда-экономи­калық, инвестициялық, ғылым мен техникалық, мәдени және тағы басқа да салаларда дамытуға арналған. Құзырлы құрылымдар мен ведомстволардың бірлескен іс-қимылының нәтижесінде бұл көрме бұған дейін 16 рет өтті. Оның ауқымы жыл өткен сайын ұлғайып, қазір үлкен сауда тұғырнамасына айналды.
Көрме барысында ең не­гізгі ауылшаруашылық технологиялар мен құрылғылар, құрылыс материалдары және электротехникалық өнімдер, үй интерьерлеріне баса мән берілген.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру