Валюта бағамы: $ 386.05 428.25 5.84 ¥ 54.65

2018 жылғы бала туу көрсеткіші

2018 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 397799 туғандар тіркелді, оның ішінде қалалық мекендерде – 235014 адам, ауылдық – 162785 адам. Туғандардың 51,6% (205224) ер балаларды және 48,4% (192575) қыз балаларды құрады.

Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шақ­қанда 107 ер баланы құрады. 2008 жылмен салыстырғанда туғандар саны 11,6% (ер балалар – 12%, қыз балалар – 11,1%), қала­лық мекендерде – 19,4%, ауылдық мекендерде – 1,9% артты.


Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2018 жылы 21,77 (2008 жылы – 22,75) туғандарды құрады, қалалық мекендерде – 22,16 (2008 жылы – 23,63), ауылдық мекендерде – 21,22 (2008 жылы – 21,75) құрады.
Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маң­ғыстау облысында (1000 тұр­ғынға шаққанда 29,72 туғандар), Нұр-Сұлтан қаласында (27,67) және Шымкент қаласында (27,53) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) облыстарында көрініс тапты.
Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2018 жылы 2,84 құрады және 10 жыл ішінде 6,0% өсті, тиісінше қалалық мекендерде – 2,68 және 1,9%, ауылдық мекендерде 3,09 және 10,8%.
Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК Түркістан (4,07), Маңғыстау (3,91) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,76) мен Қостанай (1,77) облысында байқалды.
2018 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,7 жасты (2008 жылы – 28,1) құрады, қалалық мекендерде – 29,0 (2008 жылы – 27,8), ауылдық мекендерде – 28,3 (2008 жылы – 28,4).
Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйел­дердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,8 жас­ты, Нұр-Сұлтан қаласында 29,6 жас­ты құрады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру