Валюта бағамы: $ 378.65 430.07 6 ¥ 55.1

«Күй құдіреті» бойды балқытты

Күй өнері – қазақтың рухани қазынасының бірі де бірегейі. Халықтың болмысын, тарихын, рухын қасиетті домбыраның үнімен жеткізген күйшілер артына өшпес із қалдырғаны белгілі.

Осы орайда Түркістан қала­сын­дағы Қ.А.Ясауи атын­дағы ХҚТУ-дің Мәдениет орталы­ғында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдар­ламалық мақалаларының аясында «Күй құдіреті» атты Сүгір Әліұлы күйлерінің кеші өтті. Аталған шараны ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Түркістан облыстық мәде­ниет және тілдерді дамыту бас­қар­масы ұйымдастырып отыр.
Ұлы тұлғаларымыз бен ұлт­тық өнеріміз арқылы ұлт руха­ния­тының жаңғыруына атсалысу және жас ұрпақтың бойына ұлттық болмысымызды сіңіре отырып, төл өнерімізді насихаттау концерттің басты мақсаты еді.
Концертті құттықтау сөз­бен ашқан облыс әкімінің орын­басары Мәлік Отарбаев: «Түркістан облысы, Созақ ауданында дү­ниеге келген атақты күйші, сазгер Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Ол туралы Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қыр­ғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды. Сүгірдің күйлерін кеңінен насихаттап, халық жадынан өшірмеуге бірден-бір атсалысып жүрген мәдениет және өнер адамдарының еңбегі ерен. Әрдайым өнердің биігінде болып, шығармашылықтарыңыздың дами беруіне тілектеспін!», – деп лебізін білдірді.
«Күй құдіреті» атты Сүгір Әліұлы күйлерінің кешін өткі­зуге мұрындық болған «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі Халықаралық «Жұ­ба­новтар әуені» байқауының лауреаты екенін атап өткен жөн.
Бұл тағылымы мол концертте Сүгір Әліұлы, Төлеген Момбеков, Жаппас Қаламбаев, Бөрі Иса, Әлімбек Қонысбеков, Қасымбек Сарымбетов, Батырхан Рыспанбетов сынды композиторлардың күйлері, шығармалары орындалды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру