Валюта бағамы: $ 378.65 430.07 6 ¥ 55.1

Түркістандық үздік жас түлектер марапатталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбев халықаралық, республикалық ғылыми жоба жарыстары мен пән олимпиадаларында және өнер, спорт жарыстарында үздік көрсеткіштер көрсеткен өңірдегі үздік 40 оқушымен кездесті.

Басқосу барысында облыс әкімінің орынбасары жас түлектерді құттықтап, облыс мерейін асырған талапты түлектерге және оның білікті ұстаздарына алғысын жеткізді.
«Үлкен өмірге басқан қадам­дарыңыз құтты болсын! Алда өтетін емтиханнан сәтті өтіп, таңдаған мамандықтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспін. Жастар, сіздердің алар асула­рыңыз, шығар биіктеріңіз әлі алда! Сіздерді осындай дә­режеге жеткізген ата-анала­рыңызға, ұстаздарыңызға үл­­кен алғысымды айтамын. Біз сіздермен әрдайым мақта­намыз! Болашақта елге қызмет ететін абыройлы азамат болу­ларыңызды жазсын», – деді Мәлік Нұржанұлы.
Өз кезегiнде, түлектер өз риза­­шы­лығын бiлдiрiп, өз жетiс­тiк­­терi, алдағы жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, үздік жас түлектер дипломдар мен баға­лы сый­лықтармен марапатталды.
Айта кетейік, 2018-2019 оқу жылында түркістандық оқушылар дүбірлі додалардан 14 алтын, 25 күміс, 42 қола медаль олжалаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34 медальға артық. Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды­сы бойынша Түркістан облы­сының құрамасы ең үздік ко­манда­лардың бірі болып танылды.

Қанат Балтабайұлы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру