Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Қаламгерлермен болған жүздесу

Алматыдағы «Soluxe Hotel Almaty» қонақүйінде Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Бұқаралық ақпарат құралдары қауымымен кездесті.

Кездесу барысында Чжан Сяо мырза Қазақстан Республи­касы­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қы­тай­­мен жасаған байланысына кеңінен тоқталды. Интегра­циялық про­цес­тердің маңызды­лығына тоқталып, «Бір белдеу – бір жол» баста­масы­ның қазіргі жағ­дайдағы ерекше рөлін атап өтті.
Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағ­дарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы аясында қолға алынып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан игі істер таяу жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің экономикасына сүбелі үлес қосатын нысан­дарға айналары анық екендігін тілге тиек етті.
Журналистер қауымы Чжан Сяо мырзаға өздері­н қызық­тыратын сұрақтарды қойды. Журналистер қауымы Қазақстан мен Қытай мемлекеттеріне сапармен бару не себептен визалық жүйемен енгізілгендігін, «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының болашағына, екі ел арасындағы IТ саласы, логистика, білім, жүйрік теміржол көлігі, банк құрылымы, сонымен қатар АҚШ-тың Huawei компаниясына жасаған санкция­сы және тағы да басқа сұрақтар қойды. Чжан Сяо мырза бұл сұ­рақ­тардың бәріне жауап беріп, әрі қарай өз ойын ортаға салды. Басқосуға Қытай Халық Респуб­ликасының Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй де қатысты.
Биыл Қытай Халық Рес­пуб­ли­касының құрылғанына 70 жыл толады. Бүгінде халқы 1,5 миллиардқа жуықтаған Қытай мемлекеті барлық елдермен тығыз қарым-қатынасты орнатқан. Жер көлемі бойынша әлемде – үшінші, ал халқы – бірінші орынды еншілейтін Аспан асты мемлекеті көрші мемлекеттер­дің экономикасының дамуына ерекше мән беруде. Жібек жолы – экономикалық белдеуінің негізгі құрамдас бөлігі. Жібек жолы экономикалық белдеуінің тұжырымдамасында және «Нұр­лы жол» бағдарламасында қарас­тырылған идеялардың тамаша үйлесімі. Қытайдың басты мақсаты – жаһандық сауда дер­жавасына айналу болса, Қазақ­стан жариялаған басты мақсат – көлік-логистика инфра­құрылымын дамыту. «Бір белдеу – бір жол» атты бағдар­ламасы­ның да қазақ елінің эконо­микалық тұрғыдан дамуы­на ықпалы аз болмайтыны белгілі.

Айжан Жасбатырқызы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру